Атырау, 10 қазан 15:45
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

"Қаржыны игеру тәртібін өзгерту керек"

3 200 просмотра

5 қарашада облыстық мәслихаттың 7-сессиясында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ депутаттар алдында сөз сөйледі.

Атап айтқанда, аймақ басшысы Атыраудағы салынып жатқан және өте қымбат тұратын нысандарға не істеу керектігін білмейтінін айтты.

Нұрсая ықшамауданындағы концерт залын салып жатқан мердігер компанияға («СнабОйлСтрой» ЖШС-не) 900 млн теңге артық төленген. Әрі қарай құрылысшыларға тағы да төлеу керек болады. Ал құрылыстың аяқталар түрі көрінбейді... Жанында салынып жатқан монша кешені үшін де қомақты қаржы қажет (мердігері сол «СнабОйлСтрой»). Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс әкімі боп тұрған кезде көппәтерлі 3 үйді салуға едәуір сома төленген. Ал ол тұрғын үй жоқ (дәлірек айтқанда, әңгіме «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы аясында құрылыс салуға жоспарланған үйлер туралы болып отыр).

Облыс әкімінің пікірінше, шұғыл арада Теңізшевройлдың әлеуметтік бағдарламаларға бөліп отырған қаржысын игеру тәртібін өзгерту керек. Қазіргі сызба бойынша компания ақшаны өзі бөліп, мердігерді өзі жалдайды, содан соң, әдеттегідей, бөлінген қаржыларды игеруде кідірістер орын алады. Содан кейін жоғалған бұл қаржылар қайтарылмайды.

– Олар біздің типтік мектептерімізден екі есе қымбат мектептер салады. Егер бізде бір оқушыға 8 шаршы метр тиесілі болса, оларда жоба бойынша 18 шаршы метр болады. Бізде 620 оқушыға – 5 мың шаршы метр болса, олардың жобасында 12 мың шаршы метр. Яғни, осы ақшаларға біздің толыққанды екі мектебімізді салуға болады. Оларды өзіміздің мердігер компаниялар салсын, ал Теңізшевройл ақшасын өзінде ұстап, құрылыстың белгілі бір кезеңінде төлесін. Өзіміздің заңымыз бойынша салдырайық. Осы жөнінде «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тим МИЛЛЕРМЕН сөйлеспекшімін, - деді Б. Ізмұхамбетов.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Первомайский» асыл тұқымды сүтті мал шаруашылығына қол ұшын беруге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл кеңестік дәуірден сақталып қалған Батыс Қазақстандағы жалғыз шаруашылық екен.  Қазір ол жерде 800 бас мүйізді ірі қара бар, оның төрттен бір бөлігі сауын малы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 қараша 2012, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.