Оқу залының ортасында төрт медицина қызметкері күнделікті тіршіліктен көрініс қойылымын көрсетуде. Біреулеріне дәрігер мен медбикенің үйреншікті рөлі тисе, енді екеуіне жас ана мен сәбидің әжесінің рөлі тиген. «Өзіңіздің әрбір әрекетіңізді дауыстап айтып, анасына мұны не үшін жасап жатқаныңызды түсіндіріңіз», деп талап етті жаттықтырушы.
Міне, №1 емханадағы дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлер «Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргізу» курсынан осылайша рөлдік ойындар түрінде өтеді. Бірнеше ондаған қызметкерлерін оқытуға жіберіп, қалыпты жұмысқа кедергі келтіруге бірде-бір медицина мекемесі жол бермейді. Ал жұмыс орнында тренинг өткізуге неге болмасқа?!
«НИЕТТЕСТІК» ҚОЗҒАЛЫСЫ
Жаңа стандарттарға көшуге байланысты дәрігерлер педиатрлар мен терапевттерден жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге (ЖТД) қайта оқып шығады. Жоғары оқу орнындағы ахуал да өзгерді – бітіруші педиатрлар саны азайып, отбасылық дәрігерлер саны көбеюде, «Жалпы медицина» факультеті пайда болды. Бұл тренинг терапевт дәрігерлер үшін маңызды емес жайттарды үйретуге бағытталған. Мәселен, егер ересек адамның температурасы 36,6 градустан асқанда жоғары деп есептелсе, сәби үшін 37,4 градусқа дейін қалыпты деп есептеледі.
Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер үшін арнайы оқу құралы жасалған: мұнда қабылдаған немесе барған кезде неден бастау керек, анасына қандай сұрақтар қою керек, ең алдымен сәбиден қандай белгілер іздеу керек және оларды қандай жүйе бойынша тексеру керектігі жазылған.
– Тек осылай ғана іс жүзінде медицина қызметкерлеріне жаңаша патронаждың мәнісін жеткізуге болады, - дейді медицина ғылымдарының кандидаты, республикалық бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргізу жөніндегі үйлестіруші Зәуре ОСПАНОВА (суретте).
Ал медиктер мен балалардың ата-аналары балаларының денсаулығы үшін ниеттес жауапкершілікте болуы тиіс. Ата-аналарға медицинаның бүкіл егжей-тегжейін үйретпейді, бірақ ең басты белгілерді бақылауға алуға мүмкіндік беретін қарапайым ережелерге үйретеді. Өйткені бастапқы 40 күн сәбилер үшін ең қауіпті кезең, бұл кезде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін және үнемі күтім жасалуы маңызды. Тәулігіне 24 сағат бойына дәрігер сәбиге қарап отыра алмайды. Анасы міндетті түрде жанында болады. Ал бұл сәби үшін анасының ненің пайдалы және ненің зиян екенін білуі тиіс деген сөз.
БЕСІК ТУРАЛЫ БАЙЫППЕН
– Бұл жерде ата-аналар олардың сенімдеріне кіріп, бүкіл ұсыныс-кеңестерді орындаулары үшін қызметкерлер бар күштерін салуы тиіс. Әр ана мен әр әжеге жеке тәсіл табу керек, - дейді Зәуре Оспанова.
Мәселен, бесікті алайық. Бұл ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақтың дәстүрге айналған салты. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, көшпелі халықтың ұрпақтары бесіктің арқасында аман қалған, ал қазіргі отырықшы халық үшін сәбиді кереуетке жатқызған жөн екен. Шымылдық астынан анасы қарны ашқан сәби ернінің қимылын көре алмайды, оның үстіне балаға жарық түспейді, демек, көру анализаторы нашар дамиды. Қысып орап тастау сәбидің дірілін байқауға мүмкіндік бермейді, ал бесікте өкпенің қабынуымен сырқаттану ықтималдығы жоғары болады. Қозғалыссыз жатқан сәби қажетті мөлшердегі ауамен тыныстай алмайды. 2 айға дейін ол гипертонус арқылы үнемі қозғалыста болуы тиіс. Олай етпеген жағдайда оның бұлшық еттері әлсіз боп қалады. Бұл мезгілде бесікте жататын сәбиді емізу де толыққанды емес. Анасының омырауы мен құрсағына толықтай қысып емізгенде ғана ол құрамында мидың өсуіне қажетті майы бар артқы сүтті еме алады. Алайда бұл ақпаратты қадірменді әжейлерге медиктер әдеппен сыпайылап жеткізу керек. Олар жақсы білім мектебінен өтті, енді қандай жетістікке қол жеткізетіндерін көретін боламыз.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор