Атырау, 25 қараша 00:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заңдағы қайта жобалау

1 947 просмотра

Пәтеріңіздің  жаңа келбеті туралы қиялдап жүрсіз бе? Кішкентай ғана екі бөлмеден кең студия жасауды жоспарладыңыз ба? Егер панельді үйде тұрсаңыз, кедергі келтіріп тұрған қабырғаны алып тастауға және кіре берісті қайта жөндеуге асықпаңыз. Таяу уақыттан бастап мұндай пәтер қожайындары пәтерді өз талғамына сай заңды түрде өзгерте алмайтын болды.

Жақында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінен хат келді. Онда ірі панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынған. Өйткені, тіпті бір ғана бұзылған плита ғимараттың құрылымын өзгертіп, сәтсіз жасалған қайта жобалаудан кейін үй картадан жасалған үй секілді шашылып қалуы мүмкін екен.

Жаңа ережелер бойынша панельді үйлердің тұрғындарына кіріктірмелі ағаш шкафтар мен санитарлық тораптардың аралықтарын, сондай-ақ, ас үйді лоджия мен аралықтан бөліп тұрған (Э147 және 158С сериясындағы үйлерде) керамзит-бетонды панельдерді бұзуға ғана рұқсат беріледі.

Кірпіштен салынған үйлердің пәтер қожайындары үшін: егер қожайындары бүкіл қағазбастылықтан өтсе – жобаға тапсырыс беріп, сол сәулет-құрылыс бақылау департаментінен рұқсат алып, барлық құжаттарды жинаса ғана қайта жобалау бұрынғыша қолжетімді екен. Тағы бір маңызды шарт – қабырғаны арнайы конструкциямен бекемдеу. Қандай конструкция қажет екенін жобалаушылар есептеу мен зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін шешеді.

Атырау облыстық мемле-кеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау депар-таментінің директоры Қуаныш МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫНЫҢ айтуынша, жыл басынан бері Департамент тарапынан қайта жобалауға рұқсат беруден бас тартқан жағдайлар болмаған.

Анастасия ПАСТУХОВА

31 қазан 2012, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.