Атырау, 11 желтоқсан 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жемқорлықтың жол картасы

3 788 просмотра

Жұмыссыздық проблемасын шешу үшін соңғы жылдары бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырыла бастады: Жол картасы, Жұмыспен қамту-2020, Бизнестің жол картасы-2020 және тағы басқа. Олардың тиімділігі қандай болды? Егер біздің аймақ бойынша сараласақ, айтарлықтай емес.

«ҮНЕМШІЛ» ЖҰМЫС БЕРУШІ

Осы бағдарламалардың бірнеше бағыттарының тағдырын қысқаша еске түсіріп өтелік. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыздарды оқыту және қайта оқыту жүзеге аспады. Біздің кәсіптік лицейлер және жекеменшік оқу орталықтары өз алдарына қойған міндеттемені орындай алмады, олардың қай-қайсысында да заманауи талаптарға сәйкес жарақтандырылған теориялық және материалдық-техникалық базалары жоқ болып шықты. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысшы орындарына тарту тәжірибесі ауқымды түрде таңдауға ие болмады. Адамдарды 52 мың теңге үшін жұмыс жасау, үстінен салық ұстап қалу қызықтыра қойған жоқ. Ал, егер ол аз дегендей, алақол жұмыс беруші сен арқылы үнемдеуге тырысса... Алғашқыда Жол картасын жүзеге асыру кезіндегі жемқорлық даулары (А.БАЯЗИТОВАНЫҢ ісі) және «Жұмыспен қамту картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылындағы «Атырау Су Арнасы» КМК-ның  (сол кездегі бастығы С.ЖҰМАШПАЕВ) жұмыспен қамту орталығынан жіберілген қызметкерлерге еңбекақыларының жартысын  төлемегендігіне қатысты орын алған жағымсыз оқиға баршаңыздың естеріңізде болар.

 

СЕН КІМ ЕДІҢ?

Мемлекеттің жұмысшы орындарының жетіспеушілігі салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтуға көп көңіл бөліп отырғандығы ақылға қонымды. Осыған байланысты «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жасақталды. Осынау игілікті іс те біздегі ащы шындықпен бетпе-бет келді. Атырау облысы кәсіпкерлері арасындағы ірі компаниялардың бірінде жақында ғана өткізілген сауалнаманың мәліметтерін келтіре кетейін. Міндет шағын және орта бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы проблемаларды анықтау болды.

Кластер – аумақтық көршілестікті және қызметтерінің ортақтығын біріктіретін компаниялар тобы.

Біріншіден, бұл банктермен арадағы проблема. «Банктер трансұлттық компанияларға қызмет көрсетуге асығады, ал, ШОБ-ке аз береді немесе мүлдем ештеңе бермейді. Егер сен сол ТШО мердігері болсаң, несие алуда түк кедергі жоқ, ал, онсыз сен ешкім де емессің, - дейді жауап бергендердің көпшілігі.

Сауалға қатысқандардың 70% басты проблема білікті мамандардың жетіспеушілігі деп атап көрсеткен. Пікірлері мынадай: «Мұнай және мұнай сервистік компаниялар мен шағын кәсіпорындар арасында білікті мамандар үшін күрес жүріп жатыр және сөзсіз шағындары жеңіліске жетуде. Бізде қызметкерлердің 50-70% мұнай, мұнай сервистік компанияларға кетіп жатыр, өйткені, оларда еңбекақы жоғары, әлеуметтік пакет жақсы».

 

ҚАЙДА БАРСАҢ ДА -ЖЕМҚОРЛЫҚ

Кәсіпкерлер аймақта шағын және орта бизнесті дамытудағы басты кедергі тендер өткізудегі құпиялылықты сақтаған сыбайластық, мемлекеттік органдар мен компаниялардың (энергетикалық және өндіруші) жемқорлығы, несиелеу барысындағы ауыз бастырту талаптары деп атады. «Қайда барсаң да - жемқорлық. Егер сен қалыпты жағдайда жұмыс жасағың келсе, онда сен осының барлығынан өтуге, әлде біреулермен бөлісуге тиістісің. Үлкен фирмаларда да солай. Егер компания ірі болса, оның басшысы орташа топтың сыбайлас жемқор екендігін білмеуі де мүмкін. Компанияға кіргің келсе, жеткізуші болғың келсе – сату бөлімі нақты бір «талаптарды» қояды және сол арқылы компанияға кіресің. Және бұл барлық жерде бірдей», - бұл кәсіпкерлердің бірінің пікірі. Жақында ауыз бастырудың 40% туралы «Атамекен» ҰЭП төрағасының орынбасары Бауыржан БАЙМҰХАНОВ ашық түрде былай деп мәлімдеді:  «Ықпалды бәсекелестерді көздеген тендердің алдында-ақ таңдап алуға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-айлалар бар.  Өкілдер «ұнамсыз»компанияларды залға кіргізбей тастайды немесе байқау құжаттарының арасынан “кенет” әлдебір құжаттар жоғалып кетеді. Тендерді ұйымдастырушылар ақыр соңында қалай болғанда да “өз” компанияларының жеңіске жетуі үшін қолдан келгендерінің бәрін жасайды».

 

ДОСЫҢА ҚОЛҚА САЛ

Сауалнамаға қатысушылар жат және әлдебір әлеуметтік талдаушылар болған жоқ. Көптеген жауап берушілер, мәселен, олардың пікірінше, жергілікті халыққа тән «селқостық» туралы айтты.  Олардың пікірінше, бұл аймақтың мұнай өндіруші сала болып табылатындығымен байланысты және халық өздерінің жақсы тұрмыстары үшін жауапкершілікті мемлекетке  немесе ірі компанияларға артып қоюға әбден үйреніп алған. Меніңше, халық қана селқос емес. Осыдан екі апта бұрын облыстық әкімдікте Сауда және экономикалық даму министрлігінің өкілдері және Ресей экономистері, оның ішінде «Росатом» компаниясының бас директорымен кездесу болды. Қонақтар Атырауға ізгі мақсаттармен келді: аймақтың таяу жылдарға арналған экономикалық даму тұжырымдамасын жасақтауға көмектеспекші. Олардың пікірінше, ең бір оңтайлы жол инновациялық мұнай-химиялық кластер құру болып табылды.

- Қайдағы инновация, бізде тіпті, негізгі өндіріс те жоқ емес пе? Дүкендерде негізінен ресейлік өнімдер, тіпті, сүттің өзі сырттан келеді. Ал сіз келіп жоғары технологиялық жобалар туралы айтасыз, - деп ойларын білдірді атыраулық шенеуніктер. Ал, танымал жергілікті кәсіпкер әріптестерінен түсініксіз болған кластер сөзінің мағынасын сұрады.

– Сіздер әзірге дәстүрлі өндірісті дамытамыз дегенше артта қаласыздар, сөйтіп, сіздер өндірген өнімдер сұраныстан шығып қалады. Болашақ - инновациялық жобаларда. Сингапур тәжірибесін алып қараңыздаршы, ешқандай табиғат ресурстарынсыз жаңа технологияларға қол жеткізіп, қазір гүлденіп келеді, - деп сендірді ресейлік қонақтар. – Жалпы, бізге қолқа салған өздеріңіз емес пе? Біз ешкімді мәжбүрлемейміз (ренжіп).

Шамасы, біздің еліміздің саяси жүйесінің ұқсастығын еске алсақ, қонақтар Сингапурдегі басты фишка жемқорлардың мәртебесіне қарамастан сыбайлас жемқорлықты жаппай жою болғандығын қосуды ұмытып кеткен сияқты. Сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік берген әдістер туралы сауалға сингапурлық «экономикалық ғажайып» авторы ЛИ Куан Ю жауабы өте таныс болды: «Өзіңнің үш досыңды отырғызудан баста. Сонда сіз де, олар да не үшін екендігін нақты білетін болады». Қазақстанда ондай болуы мүмкін бе? Әрине, бұл сауал қызық...

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

31 қазан 2012, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.