Атырау, 24 қараша 08:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Орал әлі де етпен қамтамасыз етіп отыр

4 121 просмотра


28 тамызда қалалық мәслихат сессиясында қалалық ветеринария бөлімінің бастығы Сәден ЛҰҚПАНОВ қаланың мал сою цехтарында сойылған мал санын атады.

- Ағымдағы жылдың 7 айында қала цехтарында көбінесе Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының аудандарынан әкелінген 7211 сиыр, 10 172 бас қой мен ешкі, 1649 жылқы және 210 түйе сойылды, - деді ол.

Салыстыру үшін: 2019 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша Атырау қаласының ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары мен жеке аулаларында 6078 сиыр, 5816 қой мен ешкі, 1585 түйе, 1210 жылқы және 39 шошқа болған. Яғни, қала маңы қаланы етпен қамтамасыз ете алатын жағдайда емес.

Ал С.Лұқпановтың айтуынша, Атырау қаласында малдың бруцеллезге шалдығуы азайып келеді. Өткен жылы бұл инфекция 99 сиырдың, 120 түйенің және 6 қойдың қанында анықталды. Мүйізді ірі қара мен түйелердің еті қалбырлауға қолданылса, ал қой еті өртелді (қой бруцеллезі адамдар үшін қауіпті). Осы жылдың 8 айында бұл сырқат 66 сиырдан, 18 түйеден және 3 қойдан анықталды.

Лұқпанов қаладағы және қала маңындағы жағдайдың жақсаруына сонымен қатар, ауру жұқтырған сиырлардың ірі қожайындарының бірі Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмына мал басымен көшіп кеткені, тағы бір мал иесінің барлық түйелерін сойып алғаны да әсерін тигізгенін мойындады.

Ветеринария бөлімі қаладағы басқа жануарларды да бақылайды. Осы жылдың 7 айында қалада 8394 қаңғыбас иттер мен 912 мысықтар жойылды. Бұл үшін бюджеттен бөлінген 47 миллион теңгенің 27 миллионы жұмсалды. Лұқпановтың айтуынша, 250 қала тұрғынын өздері асыраған иттер қауып алған, сондықтан иттер тексеріліп, сау деп танылды. Зардап шеккендерге ішке егілетін ауыр екпелер салынбайтын болды. Ал 190 адамды белгісіз иттер қауып алған, зардап шеккендерді құтыру ауруының алдын алу мақсатында ауруханаға жатқызуға тура келген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 тамыз 2019, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.