Атырау, 24 қараша 08:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

МӘМС жүйесі тиімді ме?

Сурет
4 148 просмотра

Әлібек НӘУТИЕВМәншүк АЙМҰРЗИЕВА Эрик БАЙЖҮНІСОВ

2019 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау бюджеті 26 млрд теңге болды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге бастама көтерушілер 2020 жылы міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін бюджет бірден 39 миллиард теңгеге дейін өседі деп болжап отыр. Оның ішінде 25 млрд теңгесі ағымдағы жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шығындарын құрайды, қосымша 14 млрд теңге қызметтердің кеңейтілген тізімін төлеуге жұмсалады. Бас дәрігерлер, облыс әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КЕАҚ басқармасының төрағасы Эрик БАЙЖҮНІСОВ қатысқан ӘМСҚ республикалық штабының отырысында медициналық сақтандыру проблемалары туралы талқыланды.

Қазір орташа қазақстандық медициналық қызметтің шамамен жартысын (45%) өз қалтасынан төлейді, қалған қызметтер тегін - бұл жедел медициналық көмекті, әлеуметтік маңызы бар және қауіпті ауруларды емдеуді (туберкулез, ВИЧ, гепатиттер, қатерлік ісік, диабет, церебралды сал ауруы, алғашқы 6 айда жедел инфаркт, жұқпалы аурулар, полиомиелит, психикалық аурулар және т.б.) қамтитын кепілдендірілген тегін медициналық көмек. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) енгізіледі. Идеяның мәні мынада: егер барлық қызметкерлер Медициналық сақтандыру қорына жалақысының 1% -ын (және кейінгі жылдары одан көп) төлейтін болса, онда ақысыз қызметтер тізімін, соның ішінде диагностика, дәрі-дәрмектер, стационарлық емдеу және т.б. кеңейту үшін жеткілікті ақша жиналады. Сол кезде қазақстандықтардың отбасылық бюджетіндегі ақылы қызметтердің үлесі қазіргі 45% -дан ...төмендеуі керек. Көрерміз енді.

Қазіргі уақытта Атырау облысында ӘМСҚ жүйесімен 65 емхана жұмыс істейді, оның 30-ы - жеке. Тағы 11-і ойлануда, әзірге жүйеге кіргісі жоқ. Бірақ қазан айына дейін ӘМСҚ-ға қосылуы тиіс.

МӘМС жүйесін енгізу жұмыс берушілерге де, дәрігерлерге де тиімді емес сияқты сезіледі. Реформаторлар жаңа сақтандыру жүйесінің халыққа пайдалы екенін дәлелдеуі керек.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

1 қыркүйек 2019, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.