Атырау, 5 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Челах синдромы

2 750 просмотра

Күзгі шақырту. Фотосурет "АЖ" мұрағатынан алындыӘскер қатарына шақырылушыларға қойылатын талапкүшейді: ҚР қорғаныс министрлігі болашақ әскери қызметкерлерді іріктеудің жаңа жоспарын жасап шығарды. Осылайша әскерилер «Арқан-Керген»шекара бекетінде орын алған трагедиядан сабақ алуға тырысуда.

ТӘРБИЕҢ ҚАНДАЙ?

Жаңа талаптар туралы облыстық әкімдікте күш құрылымдары, аудан басшылары мен медициналық және білім беру мекемелерінің өкілдерімен болған мәжіліс кезінде Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Ардақ КУКАТОВ хабарлады. Олар енді басталып жатқан күзгі әскер қатарына шақыру науқанында қолданылатын болады.

- Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес жаңа жоспар жасақталды. Оған болашақ сарбаздарға қатаң іріктеу жүргізу және сапалы ұйымдастыру туралы нұсқаунамалық-әдістемелік нұсқаулар енгізілген. Шақырылу ресурстарын алдын ала зерттеу бойынша үш кезеңдік жұмыстар жүргізілді. Ауылдық округтерге шығып, жасөспірімдердің ата-аналарымен сұхбат жүргізілді. Әскер қатарына шақырылатындардың отбасылық жағдайында өзгерістер болуы мүмкін екендігі және олардың денсаулық жайы ескеріледі.  

Кейінірек облыстық әскери комиссар бұл туралы телефон арқылы түсіндірді: ықтимал сарбаздардың әлеуметтік мәртебесі, тіпті отбасы құрамы да зерттеледі екен. Яғни, жас жігіт толыққанды емес отбасынан шыққан болса, бұл да шақырту комиссиясындағы психолог үшін ақпарат, психологиялық портрет жасау үшін қосымша штрих болады. Шамасы, енді өгей әкелерінің тәрбиесінде болған балалар жіті назарға алынатын секілді.

Өз кезегінде Батыс өңірінің әскери прокуроры Талғат БАҚБЕРГЕНОВ шақырту комиссиясының құрамына, атап айтқанда, медицина қызметкерлеріне қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынды.

 

ЖАУЫНГЕРЛІК КАСТИНГ

Биыл әскер қатарында қызмет етуге іріктеу бойынша да қосымша биометрикалық стандарттар енгізілген. Сарбаздың бойы 165 сантиметрден аласа болмауы керек, дене массасының индексі бойына сәйкес болуы тиіс, бұл 19,5 +/- болатын болмашы ауытқулар.

2010 жылы әскери прокуратура енгізген наркологиялық тестілеу ауқымы кеңейді. Егер көктемде әскерге шақырушылар ИХА-3-мультифактор тестісі (үш есірткі қосылыстарын: морфин, марихуана және амфетаминді бір уақытта анықтауға арналған арнайы жолақтар) арқылы өткен болса, енді қазіргі жолақ 5 компонентке дейін көбейтілген. Бұл ИХА-5 тестісі (морфин, марихуана, амфетамин, метамфетамин, кокаин).

Әскери прокуратура мәліметтері бойынша, тестілеу енгізілгенге дейін Қарулы күштер қатарындағы есірткіге тәуелділердің нақты пайызы өте жоғары болған. Батыс өңірінің әскери прокурорының орынбасары Руслан АЛМАХАНОВТЫҢ айтуынша, жаңа шақырылғандардың зиянды әдеттері туралы мәліметтер көбінесе құқық бұзушылықтар жасалғаннан кейін қызмет еткен жерінде белгілі болады екен. Наркологиялық тестілеу қолданысқа енгізілгеннен бастап бұл көрсеткіштер азайған.

- Енді жастар наркотестілеуден шақырту орны бойынша, ал содан кейін әскери қызмет ететін жерден өтеді, -дейді Кукатов. Шамасы, әскерилер осылайша нашақорлардың әскер қатарына алынуын жоққа шығарып отыр. 

- Қандарынан есірткі табылған шақырылушыларға қатысты не болады?

- Сол бойда оны тиісті құқық қорғау органдары арқылы шақырту орны бойынша наркологиялық диспансерге есепке қою туралы шешім қабылданады да, әскери борышын өтеуден шеттетіледі. Егер бір уақыттардан кейін ол толықтай емделген деп есептен шығарылатын болса, қайтадан медициналық тексеруден өтеді.

Әскерилердің айтуынша, егер мұндай тұлға екінші рет нашақор деп танылса, оған әскерге қабылдануға жол жабық екен. Яғни, егер «есірткіге тәуелді» деген диагноздан және мемлекеттік қызметке мұндай «жүкпен» қабылдану мүмкін еместігінен қысылмаса, «басын алып қашудың» жаңа әдісі: комиссия алдында және заңды негізде үйінде қалуға мүмкіндік пайда болатын көрінеді.

Облыстық әскери комиссар биылғы жылдың көктемгі науқанының қорытындысы туралы есеп берді. Жоғарыдан келген бөлу жоспары 100 пайызға орындалыпты. Сәуірден бастап маусымға дейінгі аралықта біздің облысымыздан Қарулы күштерге жаңадан шақырылған 770 сарбаз жіберілген. Бұл жылғы жасақ 500 адамды құрайды.

- Бүгінгі күні бізде Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте орналасқан бір жинау қосыны және аудандар бойынша 8 шақырту учаскелері жұмыс істейді. Алайда мұның жетіспейтіндігі анық, - деді Кукатов.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 қазан 2012, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.