Атырау, 29 желтоқсан 16:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жас келсе - іске!

3 993 просмотра

Өткен демалыс күндері бірнеше жас өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін өз біліктіліктері мен зейінділіктерінің арқасында жүлделі миллион теңгені қанжығаларына байлады. Сол күндері Атырау Atameken Startup Weekend бизнес және қоғамдық білім беру жобаларының байқауы өтті.

Жедел бизнес идеясын кәсіпкерлердің «Атамекен» одағы ұсынды. Қауымдастық өз сайтында «Атамекен Стартап» қоғамдық қорының құрылуы туралы былай деп түсінік береді: «Жастардың кәсіпкерлігі  жобаларын қолдау қажеттілігі, біздің пікірімізше, бизнесменнің имиджі қазіргі жастардың көз алдында жағымсыз түрде танылуда: кәсіпкерлік көбіне жоғарыда отырған «көкелерінің» немесе ықпалды туысқандарының көмегімен жоғарыға өрлеу мүмкіндігіне ие болып жатады. Жігіттер мен қыздар көбіне бизнеске емес, ұлттық компанияларда, министрліктерде, ведомстволарда жұмыс істеуге талпынады. Олар осы әрекеттерімен қандай мүмкіндіктерден қол үзіп отырғандарын аңғармайды да».

Осылайша нәтижелі демалыс күндерінің жобасы пайда болды: стартап (ағылшынның start-up –аударғанда - жіберу) – бұл демалыс (уикенд), яғни, сол уақыт ішінде кез келген ниет білдіруші өзінің бастапқы жобасын жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізеді. Жұма күні кешке қатысушылар бір ғана бизнес-идеямен келеді және жұмыс күнінің аяғына дейін жобада қатысушылар есебінен командасын жинақтауға тиіс болады. Демалыс күндері олар тұжырымдамалармен, бизнес-жоспарларымен жұмыс жасайды. Олардың жобалары бизнес және технология саласындағы ментор-сараптамашылардың көмегімен crush-тестілеуден өтеді. AtamekenStartupWeekend  – бұл екі күн ішінде бизнес-идеяны жобаға айналдыру мүмкіндігі. Қатысушылар қысқа уақыттың ішінде сол жерде отырып-ақ, барлық қажетті ақпаратты жинай алады және сараптамашының кеңесін, қажетті байланысты орната алады.

Жоба тақырыптарына шектеу қойылмаған. Мақсат – ықтималды бизнес-жобаны жүзеге асырып, оның өміршеңдігін қазылар алқасына дәлелдеу. Жобадағы уақыт жағынан қатаң шектеу қою қатысушыларға команда үшін барынша жемісті еңбек етуге қозғау салады. Идеяны таныстыруға 1 минут уақыт беріледі, ал финалға – 5 минут ұсынылады.   

Жоба форматы бірнеше рет жасақталған – стартаптар  Астанада, Павлодарда, Қарағандыда және  Қостанайда өтті. Атырауда байқаудың өтуіне лайықты орынды Атырау мұнай-газ институты ұсынды. Жобаның бас демеушілері NCOC және Аджип ККО болды.

Атыраудағы стартапқа Оралдан, Ақтөбеден, тіпті, Қызылордадан өз істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлер келді.

Қаламыздағы Atameken Startup Weekend байқауының алғашқы күні түрлі сала бойынша 22 идея ұсынылды, кейінірек 17 команда жасақталды. Іріктеу кезеңінен он төрті өтті, олардың ішінде стандартқа сай емес тақырыптағы жобалар да бар.

«Алтын Бесік» командасы бала күтушілер мен ауруды күтушілерді іріктеу жөніндегі агенттік жобасын қорғады.

Balapan.kz – мұндай сайтты Аня Захарованың командасы ұсынды, оның таза қазақша сөйлеген сөзі тыңдарманның қошеметіне ие болды. Олар қазақ тілін оқыту бойынша мектепке дейінгі балалар үшін оқу-ағарту сайтын ашуды армандайды.

«Мұнайды инновациялық өңдеу» жобасының таныстырылымы үлкен әсер қалдырды. Құрамында мұнай-химия саласындағы сарапшылар бар қазылар алқасының әрекетіне қарағанда, бұл бір керемет ғасыр жаңалығы немесе ең бір зор алаяқтық болды. Таныстырушылардың айтуынша, көкшіл түске боялған бір метрлік кесек темір – мұнайды өңдеу барысындағы ашық түсті фракциялардың шығуының пайыздық ара қатынасын арттыратын қондырғы. Яғни, осы қондырғының арқасында мұнай өңдеу тереңдігін айтарлықтай арттыруға болады. Жобаға үлкен қызығушылық танытты, бірақ, бұл оған қолдау көрсетілетіндей орта болмады, балалар бұған байқаудың барлық жүлде қорынан біраз асып кететін инвестиция көлемін сұрады.

Оралдықтар «Футзал-трансформер» жобасы бойынша автономды энергия жүйесімен жабдықталған және заманауи газонды жабық футбол алаңының құрылысына ақша сұрады. Қызылордадан келген команда табиғи газбен жүру үшін автокөліктерді қайта жабдықтау бойынша техникалық жөндеу стансасының жобасымен таныстырды.

Іс жүзінде дайын болған  Red Fish сайты Атырау мейрамханаларынан орынды онлайн-брондау жөніндегі жобасын жүзеге асыру үшін қаржыға мұқтаж көрінеді.

Nomad командасы киім-кешек өндірісінде отандық-атыраулық жастар брендін жасауды армандайды.

ЭкономЪ – кеңсе баспасының  аутсорсингі бойынша сервистік қызмет көрсетуді ұсынады. 

IT-тірлік небәрі екі күннің ішінде сапалы таныстыру ролигін шығарумен таңдандырды. Автор идеясы қазақ тіліндегі ақпараттық технология тақырыбына интернет-баспа құру болып табылады.

Тағы бір команда балабақшадағы өз балаларын бейне бақылау арқылы ата-аналары көру мүмкіндігі бар жеке балабақша ашу жөнінде мәлімдеді.

МобиЛаб – оргтехникаларға қызмет көрсету және картридждерге бояу құю бойынша мобильді жылжымалы сервистік қызмет. 

Aikap KZ – қоғамдық-саяси және әдеби-сыни сайт. 

ТШО екі қызметкерінің «Химия» отбасын құру орталығы жобасы залды және қазылар алқасын күлкіге кенелтті. Қыздар бүгінгі күні табысты, бірақ, жұмыстан қолы босамайтын жастарға қазіргі заманғы жеңгетай ретінде – отбасылық қатынастар және ажырасудың алдын алу саласындағы кәсіби психологтардың кеңес беру орталығы қажет деп сендірді.

Байқауға төрелік еткен қазылар алқасының жеделділігі жақсы әсер қалдырды. Марапаттау рәсімі соңғы қатысушының таныстыруынан 10 минуттан соң басталып кетті. Олар өз бағаларын әрбір қатысушының таныстыруынан кейін бірден қойып отырды. Ұйымдастырушыларға тек ұпайларды есептеп, жеңімпаздарды марапаттау ғана қалды.

Айтып өткеніміздей, біздің езуімізді тартқызған «Химия» жобасының қыздары күтпеген жерден үшінші орынға ие болды және 200 мың теңгенің шегін алды.

Екінші орынды ЭкономЪ кәсіпкерлері иеленді, олардың қоржынына 300 мың теңге түсті.

Ал бірінші орынды өзінің IT-тірлік жобасымен Тимур БЕКТҰР жеңіп алды. Оның жеңісінің құны  - 500 мың  теңге.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 қазан 2012, 22:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.