Атырау, 29 желтоқсан 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

ҰБТ-дан қорықпаңдар

4 034 просмотра

Жасөспірімдердің көпшілігі өз бастарындағы проблемаларын мойындағылары келмейді, бірақ, ҰБТ дайындық  тестілері бойынша жүргізілетін тренингтерге және күйзеліс жағдайларынан шығу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытады. Бұған  «Психология 4 you» жобасының ұйымдастырушылары сауалнама жүргізу арқылы көз жеткізді.

Жоба тамыз айында бастау алды және ол оқу жылының соңына дейін созылатын болады. Бұл уақыт ішінде мектептер мен емханалардағы психологтар мектеп түлектеріне өмір тек оқу мен сауық-сайран ғана емес, адамның өзін дамыту үшін үлкен мүмкіндік беретіндігін түсіндіруге тырысады. 

- Біз жобаға қатысушылардың өздеріне сенімді, жақсылық тілейтін, позитивті  болуына көмегін тигізеді деп ойлаймыз, – дейді психология магистрі Нелли КУЛИКОВСКИХ

Орталық ретінде №19, №27, №12 мектептер және тіл кемістігі бар балаларға арналған интернат, медициналық колледж таңдалып алынды. 10 педагогикалық және 10 медициналық  психологтар  дайындық курстарынан өтті. Алайда, қалауы бойынша барлық мектептердің психологтары орталықтың тренингтеріне қатысуына болады, ал, кейін алған дәрістерін өз түлектерімен өткізетін сабақтарына  қолдана алады.

Бірінші кезекте 100-ден астам  мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына, сондай-ақ, 10 медициналық және 10 педагогикалық психологтар арасында сауалнама жүргізілді. Айта кетерлік жағдай: педагогтардан сауалнама жүргізу үшін мақсатты  бір топты сұраған кезде олар психологтардың күйзеліске тез түсуге бейім және өзінің проблемаларының салдарынан жақын достарын таба алмайтын балалар тізімін беру керектігін біле тұра, полиция есебінде тұрған тентек балалардың тізімін береді.

Дегенмен, біздің қоғамымызда психологқа психикалық  проблемалары  бар адамдар ғана бару керек деген ұстаным қалыптасқан және балалар ғана емес, ата-аналар да, тіпті, педагогтар да солай ойлайды. Мәселен, «Сіздердің құрдастарыңыз неліктен психологтардан кеңес алуға бармайды?» деген сауалға мектеп түлектерінің 23% білмейміз, 15%  жауап беруге қысылатындарын, 10% психологтарға басы ауыратындар барады деп есептейді екен. Ұстаздар болса, «жоқ, менің оқушыларым психологқа бармайды, олардың барлығы дұрыс балалар» деп жауап береді. Барынша алға ұмтылған пысық балалар (4%)  бұл мамандарға сенім білдірмейді, 3% психологтың кабинеті болуы тиіс деп есептейді, бірақ, ондай кабинет мектептерде жоқ.

Сауалнамаға қатысқандардың 56% өз бастарында ешқандай проблема жоқ деп сендіреді. Алайда, «ҰБТ және МАБ сынақтарына дайындалу барысындағы күйзеліспен күрес» делінген жолға келгенде олардың қызығушылықтарының айтарлықтай өскендігін аңғаруға болады. 41% «Қиын жағдайдан шығу» тақырыбына да қызығушылық танытқан, демек, оларда мұндай жағдайлар болып тұрады. 26% өздері үшін «жеке өсу жолдары» дегенді белгілеген, 6% «Даулы тұлғалар түрлері» деген тақырыпқа қызығушылық танытқан.

Жоба ұйымдастырушылары өздері үшін маңызды болып табылатын сауалға жауап алды. Мектептегі психологтар мектеп бағдарламасының материалдары қиын деп есептейді; балаларға дұрыс көңіл бөлінбейді, яғни, ата-аналарының  қай уақытта болсын қолдары босамайды. ҰБТ тапсыратын балалаларға түсетін жүк ауыр, ал, күйзеліс жағдайынан шығуға көмектесетін дәрістер жоқ. Медициналық психологтар көптеген қиындықтардың бар екендігімен келіседі және онда ата-аналардың айтарлықтай кінәсі бар деп есептейді. Олар өз балаларына жоғары талаптар қояды, бұдан балалардың бастары ауырады, ашушаңдық пен ызақорлық пайда болады. Сондықтан да болар, үлкендер де, балалар да ҰБТ дайындық барысында тренингтердің қажеттілігін мойындап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қазан 2012, 21:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.