Атырау, 25 қараша 00:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Менің қорғалушым лаңкестік ұйымға басшылық етпеген»

2 097 просмотра

Редакцияға үстіміздегі жылдың тамызында 233-бап(«Терроризм») бойынша 14 жылға бас бостандығынанайыру жазасымен сотталған Арман БАТЫРҚАЙЫРОВТЫҢ қорғаушысы Әбілғазы НАҒИЕВТАН хат келді.Оған 233-баптың бірнеше баптары бойынша, атап айтқанда, лаңкестік қызметке қатысқан, лаңкестік қызметті қаржыландырып, насихаттаған, қаруға заңсыз жолмен ие болып, жарылыс жасауды дайындауға қатысқан деген айып тағылған болатын.        

Адвокаттың хат жазуына «АЖ» бетінде 2012 жылы  4 қазанда жарияланған «“Торпедаларға” айналу ақиқаты» деп аталатын мақала себепші болыпты. Адвокаттың хатынан үзінді келтірейік: «Бұл мақалада террористік ұйымдарды ұйымдастырушылар арасында Арман Батырқайыровтың есімі аталып, ол «Ли тобы» деген шартты атаудағы лаңкестік тобының үйлестірушісі боп табылады делінген. Сіздер ақпарат алған дереккөз 2012 жылдың сәуірінде Атырау облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында сотталған 42 адамға қатысты тергеу органдарының айыптау қорытындысына сүйеніп ақпарат берген.

Бұл үкімде (терроризм-ге айыпталған 42 айыпталушының ісі бойынша – С.Т.) менің қорғалушым террористік ұйымның жетекшісі және ұйымдастырушысы болып табылады деп көрсетілгендігіне қатысты  апелляциялық шағым бердім. Бұл сотқа дейінгі тергеу ісінде құқықтар мен мүдделерді қорғауда іс жүргізу заңнамасын бұзу болып табылады. Өйткені бұл кезде Батырқайыровқа қатысты алдын-ала тергеу жүргізілді(оның жеке ісі бойынша – С.Т.). Сондықтан шыққан үкім Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына қайшы келді. Апелляциялық алқа қаулысымен менің шағымым қанағаттандырылды.  

Үстіміздегі жылдың мамырында менің қорғалушыма қатысты Атырау облыстық ҰҚКД тергеу бөлімінің қаулысымен террористік ұйым құрып, жетекшілік етті деген, сондай-ақ, осы айыптауға қатысты әрекеттерге айыпталған (терроризмге айыпталған 42 күдікті туралы іс шеңберіндегі – С.Т.)  қылмыстық іс тоқтатылды.

Осыған байланысты жаза күтіп отырған адамға қалай еткенде де тиіп кететін әрбір жаңсақ хабарламаның оның өзіне де, оның жақын туыстарына да психологиялық тұрғыда ауыр тиетінін ескеруді өтінемін. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, біздің қаламыз шағын болғандықтан түрлі  өсек-аяңдар жақын адамдарына әсерін тигізеді ғой.  

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Арман Батырқайыровтың террористік ұйымды құрушы және жетекшісі болмағандығы, сондай-ақ, террористік «Ли тобының» үйлестірушісі болмағаны туралы түсіндіріп жазуды өтінемін».  

Адвокаттың хатында өткен жылғы «42-нің ісі» бойынша үкімнің анықтау бөлімінде және тергеудің айыптау қорытындысында А.Батырқайыровтың тек Атыраудағы террористік топтың жетекшілері қатарында аталып өткендігі ғана әңгіме болып отыр. Сотталушылар қатарында ол болған жоқ. Ал биылғы жылы тамызда ол сол «Терроризм» бабы бойынша жеке іс шеңберінде, «террористік ұйымға басшылық етуді» қоспағанда сол қызмет үшін сотталды.

Арман Батырқайыровтың Қазақстанға оралуының кейбір егжей-тегжейін адвокат Нағиевтан нақтылап алдық. 2011 жылы «42-інің ісі» бойынша тергеу жүргізілген кезде, Арман Батырқайыров Түркияда болған. Түркияға бармас бұрын ол Сауд Арабиясында діни оқу орнында 4 ай оқыпты. Содан кейін Сирияда араб тілін үйренетін жылдық курстарға түскен. Ол жерде жарты жыл оқып, бірақ бұл елде толқу басталғандықтан Түркияға кетуге мәжбүр болыпты. Бұл жерде Мысырға оқуға бару үшін виза күтіп жатқан. Осы уақытта Атырауда жаппай қамауға алулар басталады. Оған да күдіктенушілердің бірі ретінде халықаралық іздеу жарияланған. Біздің билік түрік билігіне оны ұстап беру сұранысымен шығыпты. Сұраныста, ережеге сәйкес, дәлел базасымен бірге барлық іс материалдары тіркелген. Оларды зерттеп шыққаннан кейін түрік тарапы А.Батырқайыровтың кінәлі екендігін білдіретін нышан таппай, оны экстрадициялаудан бас тартқан.

Атырауда 32 жастағы А.Батырқайыровтың кәмелетке толмаған үш баласы бар отбасы және егде жастағы ата-анасы қалды. Адвокаттың айтуынша, түрік тарапының оның кінәсіздігі туралы шешімінің заңды күшіне үміт артқан ол 2012 жылдың наурызында Астанаға ұшып келіпті. Сол сәтте ҰҚК қызметкерлері оны қамауға алып, Атырауға этаппен жіберген.

2012 жылдың тамызында №2 қалалық сот Батырқайыровты 233-бабы бойынша («Терроризм») 14 жылға бас бос-тандығынан айыруға үкім шығарды. Қорғаушының айтуынша, үкім заңды күшіне енбеген. Қазір оның қорғалушысы тергеу изоляторында жатыр.

Жоғарыда айтып өткені-міздей, Батырқайыров террористік қызметке қатысқан, қаржыландырған, терроризмді насихаттаған, қаруға заңсыз жолмен ие болған, жарылыс жасауды дайындауға қатысқан деп айыпталып отыр.

– Біз қылмыстық істер жөніндегі облыстық апелляциялық алқаға апелляция бердік. Оны қарау 17 қазанға белгіленген, -деді адвокат. 

Естеріңізге салсақ, Арман Батырқайыровтың есімі сот материалдарында Атырауда террористік ұйым құрған «Ат-Тақуа» мешітінің жамағаты - жиһад түсінігіндегі салафизм ағымын ұстанған 9 тұлғаның қатарында аталған еді. Олардың бәрі шетел асып, Солтүстік Уәзірстанда (ауған-пәкістан шекарасы) «Халифат сарбаздары» деп аталатын террористік ұйым құрғандығын жариялаған болатын.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

17 қазан 2012, 21:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.