Атырау, 27 желтоқсан 03:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Үйлестіру кеңесі көз жасына сенбейді

2 138 просмотра

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында мақұлданған кәсіпкерлер жобаларының саны бойынша Атырау облысы еліміздегі өңірлер арасында соңғы орындарда тұр. Неліктен? Бұл тұрғыда шенеуніктер мен кәсіпкерлердің пікірлері әртүрлі.

ТӨРТ ЖОБА МАҚҰЛДАНБАДЫ

Өткен аптада аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) кезекті отырысы болып өтті. Онда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты – банк несиелерін субсидиялау бойынша 4 өтініш қаралды.

«Темір Транспорт Сервисес» ЖШС арматура өндіретін цех жобасын ұсынды. Кәсіпкерлер қажетті жабдықтар сатып алу үшін мемлекет көмегіне сеніп отыр.

«Бисенғалиева Л.У.» ЖК жұмыс жасап тұрған көлік жөндеу стансасын жаңартпақ. Ол үшін «АзияКредитБанк» АҚ-нан жылдық 14 пайызбен 2,5 млн теңге несие алмақ. Жаңғыртудан кейін жаңа 3 жұмыс орнын ашуға уәде беріп отыр.

«Ынтымақ» шаруа қожалығы «АТФ Банк» АҚ-нан несиені субсидиялау көмегіне сүйеніп, мал соятын цех құрылысын аяқтап, инфрақұрылым жүргізбекші.

 «Жауқанова» ЖК бірнеше автокөлік алу үшін «ForteBank» АҚ-нан банктік несиені субсидиялау үшін аймақтық үйлестіру кеңесіне жүгінген. Мақсаты – шетелдік фирмалардың біріне көлік қызметін көрсету. Бұл жоба үйлестіру кеңесінің мүшелері арасында қызу пікірталас тудырды. Атырау облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Жамбыл СҰРАҒАНОВТЫҢ айтуынша, кәсіпорын өткен жылдан бері жұмыс жасайды. Бірақ бұл жерге бірде бір жұмысшы тіркелмеген. 30 млн теңге кіріс болғанда өткен жылы бюджетке ЖК-ден салық түрінде бар болғаны 300 мың теңге құйылған.

Нәтижесінде осы 4 жобаның бірде-біреуі мақұлданбады.

 

ОПТИМИСТТЕН ПЕССИМИСТКЕ АЙНАЛУ

«Даму» қоры Атырау филиалының директоры Ербол ҚАЙРАНБАЕВТЫҢ пікірінше, жергілікті аймақтық үйлестіру кеңесі кәсіпкерлерге аса жоғары талаптар қойып отыр.

- Үйлестіру кеңесіне өтінімдер аяқталған түрде дерлік жетеді. Үстіртін жобалар алынып қалады. Банктерде клиенттердің төлем қабілеттілігіне қатаң талаптар қойылса да, кәсіпкерлердің несиелері немесе банктерде қарыз туралы келісімдері бар. Үйлестіру кеңесінің отырысына дейін мемлекеттен көмек алғысы келетін кәсіпкер облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жаңа жұмыс орындарын құру туралы меморандумға қол қояды. Сондықтан кәсіпкерді оның өтінімі бойынша қайтадан «жүгіртудің» мәнісі жоқ деп есептеймін. Көмек алғысы келетін кәсіпкерлердің ішінде облысқа аудандардан ат арылтып келетін жандар да бар. Олардың қаншама көлік шығындарын жұмсайтынын ойлап қараңыз. Көпшілігі 2-3 айлап банктің, содан соң әкімдіктің табалдырығын тоздырады.

- Ал, меніңше, үйлестіру кеңесін түсінуге болады. Өндірістің еңбектенуді қажет ететін процесімен айналысуды қаламайтын көптеген үміткерлер мемлекет қаржысын пайдаланғысы келеді. Мәселен, әлдебір шетелдік компанияға жалдау үшін екі-үш автобус сатып алғысы келеді. Нәтижесінде ешқандай күш жұмсамай-ақ, ақшаның өзі түсіп отырады.

- Сіз, шамасы, «Жауқанова» ЖК жобасы туралы айтып отырған боларсыз. Ол жерде іс жүзінде бәрі басқаша. Бұрын бұл кәсіпкер автобустарды жалға алып, содан соң оларды басқа біреулерге жалға беретін. Бізде бұған тыйым салынбайды. Енді ол ақша жинап, тапсырыс берумен тікелей жұмыс істеу үшін автобустар алғысы келеді. Егер бастапқы кезде жұмыс орындарын құру туралы мәселе қозғалмаған болса, енді жұмыс орындары құрылады. Жүргізушілер жұмысқа алынатын болады.

Осы жайттардың бәрін ескеру керек қой. Ал былайынша, әкімдікке мемлекет тарапынан қолдау табу үмітімен барған кәсіпкер ол жерге қайта бас сұқпайды. Ол өз алған әсерлерін басқа кәсіпкерлермен бөліседі. Сонда бизнесті қолдау жөнінде қандай әңгіме айтуға болады? Қордың бас кеңсесіндегілер: ел экономикасының қозғаушы күші болуы тиіс Атырау облысы мақұлданған жобалардың саны бойынша қалайша соңғы орындарда тұр деп таң қалады.

Ал кәсіпкерді үйлестіру кеңесіне әкелу үшін мен оларға өзім аяқтай барып, көндіріп, барлық жолдарын түсіндіремін. Менің тағы 5 маманым да осымен айналысады. Бірақ ол үйлестіру кеңесі мүшелерінің алдына барып, ақталуға сәл қалуға тура келген соң, өзінің оптимизмін күрт жоғалтады. «Бізге мұндай көмектің қажеті жоқ» дегенді бетіме айтады. «Даму» қорының барлық филиалдарында жасалған келісім-шарттар саны бойынша жоспарлар жасалған, біз оларды орындауға тиіспіз. Дегенмен, менің пікірімше, бұл жоспарлар жергілікті атқарушы органдардың алдына да қойылуы тиіс.

- Ал басқа облыстарда қалай? Ол жердегі өндірістік жобалар мен қызмет ұсыну жобаларының ара қатынасы қандай?

- Еліміздің басқа өңірлеріндегі көрініс әртүрлі. 50 де 50, 30 да 70-ті құрайтындар да бар. Атырау облысында бағдарлама жүзеге аса бастаған уақыттан бері 70 өтінім мақұлданды, оның 22-сі ғана өндіріске байланысты. 70 жобаның 13-і – көлік қызметінің саласы бойынша, яғни 18 пайыз.

 

ТҰРЫҢДАР, КӘСІПКЕР КЕЛЕ ЖАТЫР!

- Сіздің пікіріңізше, кеңестің мұндай әрекетін немен түсіндіруге болады? Меніңше, команданың ауысуы да әсер етіп отырған сияқты. Жаңа билік бюджет қаржыларының жұмсалуына сақтықпен қарап отырған болар.

- Сіздің пікіріңізді кәсіпкерлер мен банкирлердің көпшілігі бөлісіп отыр. Көпшілігі менен «әрі қарай не болады?» деп сұрайды, көпшілігі бағдарламаның болашағы жоқ деп отыр. Бірақ мұның себебі осында деп ойламаймын. Меніңше, басты проблема – үйлестіру кеңесі мүшелерінің көпшілігі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын дұрыс түсінбейді. Оның негізгі мақсаты жұмыс жасап тұрған жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу. Ал негізгі тиімділік көрсеткіштері – несие қаржыларын арзандатып, бюджет түсімін көбейту. Яғни, үйлестіру кеңесінің мүшелері жұмыс орындары туралы, несие қаржылары мен бюджет аударымдары туралы сұраулары тиіс. Болды! Ал бізде үйлестіру кеңесі отырыс жасаса, тіпті жоба үшін тәуекелге баратын банк мамандарының өздері таң қалатындай сұрақтар қояды. Бюджет қаржыларын жұмсау тиімділігіне келер болсақ, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау мен кепілдендіру ашық жүргізіледі. Кез-келген адам еліміз бойынша мемлекет кімге және қандай көлемде көмек көрсетіп жатқандығын білу үшін www.dkb2020.kz сайтына кіре алады.

- Сіз не ұсынасыз?

- Егер салық комитеті өкілінің айтуынша (алайда бұл мәліметтің дұрыстығына сенімді емеспін), 30 млн теңгеден бюджетке 300 мың теңге төлеген кәсіпкерге қатысты жағдайды анықтар болсақ, біз қол ұшын беруге тиісті тұлға осы. Мұның қисыны неде? Ол субсидия алғаннан кейін бір нәрсені жасырып қалғаннан гөрі, ашық жұмыс істеген тиімді екенін сезінеді. Осыдан кейін ол бюджет төлемдерін көбейтеді. Бұл жерде салықты аз төлесең, демек субсидия ала алмайсың деген сөз емес. Егер менің басқа шығындарым көп болса, мен қалай көп төлеймін? Одан да басқаша әрекет жасаған қисынды. Мәселен, үйлестіру кеңесі: біз саған, айталық, 6 айға субсидиямен көмектесеміз, егер сен бюджет төлемдерін көбейтсең, әрі қарай да субсидия алып тұрасың деп айтуы тиіс. Ал егер кәсіпкер осы жарты жыл ішінде төлемді көбейтпесе, субсидия алуды тоқтатады. Міне, осындай тәсіл болуы тиіс. Біз көлеңкеде жұмыс жасап жатқандарды жарыққа шығаруға тиіспіз.

Жоғарыда айтып өткенімдей, үйлестіру кеңесінің мүшелерінің бірде-бірі субсидиялау бойынша жобалардың санын көбейтуге мүдделі емес, ешкімнің де тоқсандық жоспарлары жоқ. Ал «Даму» қорының аймақтық филиалы алдында жоспарларының көптігі сондай, біз күн сайын бағдарламаны таныстыру үшін кәсіпорындарға, екінші деңгейлі банктерге, аудандарға шығып тұрамыз.

Егер біз балаларымыз бен немерелеріміз гүлденген елде өмір сүргенін қаласақ (мен үйлестіру кеңесінің мүшелеріне айтып отырмын), шағын және орта бизнес жайғасып отырған үйлестіру кеңесінің мүшелерінен тұрып көмек сұрамауы тиіс, біз қазір өзінің жұмыс орнында отыруы тиіс шағын және орта бизнеске орнымыздан тұрып көмектесуіміз керек.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

10 қазан 2012, 21:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.