Атырау, 29 желтоқсан 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Келісімге келгендер жорығы

2 083 просмотра

Атырау қаласы биылғы жазда терможаңғырту бағдарламасы үшін республикалық қазынадан 500 млн теңге алды. Бұл қаржыға олар жарты жыл ішінде 17 көппәтерлі үйді жөндеуден өткізуге тиісті болатын.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Амандық БАЙҚҰТОВТЫҢайтуынша, тұрғын үй қорын терможаңғыртудың екінші кезеңі шілденің аяғы, тамыз айының басында басталды, тапсыру мерзімі - желтоқсанның аяғы. Бұл жолы қаржы арнайы құрылған 100 пайыз мемлекеттік болып есептелетін «Тұрғын үйлерге қызмет көрсету» Компаниясы» (бұрын КМК мәртебесі болған) арқылы «екінші механизм» бойынша түсті.

- Бұл жолы мердігерлерді тұрғындардың өздері таңдап алады.

Бұл сөз маған түсініксіз болып қалды. Байқұтов былай деп түсіндірді, егер бірінші кезең бойынша мердігерді тапсырыс берушінің өзі әкелді және ол талқылауға жатқан жоқ. Енді тұрғындарға таңдау құқығы берілді – бірақ, тағы да тапсырысшы әкелген мердігерлердің бірі болады. Демек, мердігерлердің саны олардың жұмыс сапасымен өлшенеді, сол мердігер қалады. Алға тың жоспарлар қойылған – үйлерге жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының қатарына мыналар кіреді:

төрт құламалы шатырды орнату, шатырды ауыстыру, қасбеттерді бояу, балкондарды қаптау, подъездерге пластик терезелерді орнату, оларды жаңарту, баспалдақ таяныштарын, баспалдақтарды (қажеттілігіне қарай) ауыстыру, электр сымдарын ауыстыру, домофон жүйесін орнату, жертөлелердегі барлық инженерлік коммуникацияларды ауыстыру, жертөлелерді кептіру, тазарту және ең бастысы – жылу есептегіштері мен соларға арналған жылу камераларының құрылысы, яғни, арнайы орын жасақтау. Шенеуніктердің айтуынша, бұл шаралар тұрғындардың қалтасын үнемдеуге көмектеседі, жылудың тұтыну есебін бақылауға алуға мүмкіндік береді екен. Жоба бойынша жедел сатылары бар, алайда, атыраулық дәстүр бойынша жұмыс істемейтін жедел сатылы үйлерге жаңа қондырғылар орнатылатын болады, олар Алмагүл мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлер (естеріңізде болса, 2007-2011 жылдары салынған үйлер).

- Тапсыратын уақыт та таяп қалды, соған дейін үлгересіздер ме?

- Бірінші кезекте әзірге құрғақ жылы мезгілде қасбеттерді жаңартып жатырмыз және шатырды ауыстыру жұмыстарын атқарудамыз, - дейді Байқұтов. – Қалған жұмыстарды жылдың салқын мезгілінде де сапалы түрде жасай береміз.

- Тұрғындар үшін төлем көлемі мен мерзімі қандай?

- Ол жұмыс көлеміне байланысты бір айға екі жарым мыңнан бес мың теңгеге дейін барады. Бұл төлемдердің мерзімі қысқартылды, егер бірінші механизм бойынша 10 жыл болса, енді 7 жыл болды, ал, төлем мөлшері жоғарылады. Бірақ, бұл тұрғындар үшін тиімді. Түсіндіре кетейін: егер төлемдер отбасының ортақ жиынтық табысының 6% аса құраса, онда олар автоматты түрде мемлекеттің тұрғын үй көмегіне ие бола алады.

- Редакцияға терможаңғырту келісім-шартына қол қоюдан бас тартса да олардың келісімінсіз жөндеу жұмыстарын бастап кеткендігін айтып тұрғындар қоңырау шалуда.

- Бұл мүмкін емес. Жұмысты бастамас бұрын міндетті түрде жиналыс өткізіледі, осы жиналыста үйге жөндеу жүргізілуі керек пе, жоқ па, осы мәселеге қатысты шешім қабылданады. Осыдан кейін ғана тұрғындар келісім-шарт жасалғанға дейін келісім бетшесіне қолдарын қояды, бұл жазбаша сауалнаманың қорытындысы. Терможаңғырту бағдарламасының талаптары бойынша тұрғындардың 70 пайызының келісімі немесе осы бетшеге олардың 2/3-нің қолы қойылса болғаны, бұл жұмыстың басталуына жеткілікті деп есептеледі. Аталмыш 17 үйдің барлығына жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімдері алынған,- дейді Байқұтов алдындағы келісім бетшелерін дәлел ретінде ұсынып.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қазан 2012, 20:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.