Атырау, 29 желтоқсан 01:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жоғалған жобалар және жұмыссыздар

1 650 просмотра

Атырау облысында Солтүстік-Каспий жобасы аясында теңіз және жер үсті нысандары құрылысының аяқталуына байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату жалғасуда. Ал бұдан бұрын жарияланған жаңа нысандар құрылысының басталуы кейінге қалдырылды.

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша, жыл басынан бері Қарабатаннан 5,3 мың адам босатылдыжәне жыл аяғына дейін тағы да 2,9 мың адам қысқартылатын болады. Олардың, шамамен, жартысына жуығы Атырау облысының тұрғындары.

Қарабатан мен Қашағандағы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейінгі жұмыссыздар құрамын жұмысқа орналастыру проблемасы жергілікті биліктің бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселесіне айналды. АМӨЗ-дағы хош иісті көмірсутек кешені және Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасы (ККЖ) құрылыстарына үміт артылған еді. Алайда, іс жүзінде бәрі басқаша орын алуда.

Бірінші жағдайда жобаға өздерінің дайын кадрларымен, оның ішінде ҚХР азаматтары да бар (бас мердігер қытайдың «Синопек» компаниясы) қазақстандық мердігер компаниялар келді. Және бұл жердегі жергілікті мамандардың алатын үлесі де жоғары емес. Өйткені, ол қазақстандық қосалқы мердігерлердің төменгі жалақы төлеуіне және нашар жағдайына да байланысты. Бұған таяудағы хош иісті көмірсутек кешеніндегі ереуіл мысал бола алады. Онда «Компанияның оңтүстік тобы» ЖШС жұмысшылары жұмысқа шықпады, олардың басым көпшілігі шымкенттіктер. Ал мамыр айында Шығыс Қазақстаннан келген оралмандар ереуілге шықты. Олардың барлығы да жалақыларын алғаннан кейін үйлеріне қайтпақшы.

Келешек кеңею жобасына келетін болсақ, оны жан-жағынан алып қарағанда, барлық қолдауға ие болып отыр. Қазақстандық фирмалар оның есесіне ТШО сатып алуларына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал құрылыстың жеке модульдеріне тапсырыстар қазақстандық зауыттар мен кеме жасайтын орындарға орналастырылуға тиісті. Бірақ, ККЖ әлі де жобалау сатысында. Дегенмен, жұмысшы орындары осы жерде және қазіргі уақытта қажет болып тұрғаны. Осыдан екі жыл бұрын Аджип ККО өкілдері Қарабатанда теміржол тармақтарының құрылысына бос жұмыс орындарының жарияланатындығын мәлімдеген еді. Атыраулық билік бұл жерге Қарабатандағы жұмыстан босаған 4 мың адамды орналастыруды жоспарлаған болатын. Алайда, теміржол эстакадасының құрылыс жобасы бойынша тендерді өткізу ұзаққа созылды. Біздің ақпарат көздеріміздің айтуынша, тендер екі рет кейінге қалдырылған. Яғни, қажетті мердігер (қазақстандық компаниялардың бірі) жобаны жүзеге асыруға дайындалып үлгеруі үшін әдейі кешіктірілген көрінеді.

Ақтауда өткен инвестициялық форумда NCOC консорциумының сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Пьер ДЕЛЬПОН эстакада жөніндегі келісім-шартқа әлі қол қойылмағандығын растады:

- Біз бұл жобаны күкіртті экспорттау мүмкіндіктерінің бірі ретінде қарап көрдік. Алдымен біз сервистік компаниядан тендерлік ұсынысты аламыз және ол содан кейін ғана өкілетті органда қаралады. Жобамен Аджип ККО айналысуда. Мен тек келісім-шартқа қол қойылмағандығын ғана айта аламын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

10 қазан 2012, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.