Кеше, 9 маусым жексенбі күні Гонконгте ауқымды наразылық шеруі өтті. Жүз мыңдаған наразы жұрт көшеге шығып Гонконг азаматтарының Қытайға экстрадициялау туралы заңға наразылық танытқан.
Алайда, Қытай үкіметі бұл наразылық акциясын «шетелдік күштер ұйымдастырды», «олар Қытайға зиян келтіруге тырысуда» деп мәлімдеді. Мұндай аса ауқымды наразылық шеруі Гонконгте 1997 жылдан бері болған емес. Сол тұста Британия үкіметі Гонконгті Қытай үкіметінің айрықша басқару тәртібіне өткеріп берген болатын. Бұған наразы жүз мыңдаған адам көшеге шығып, ҚХР билігін қабылдауға қарсы наразылық білдірген.
Бұдан бұрын Бейжің қандайда бір өлкелік үкімет тарабынан айыпталған гонконгтік азаматтарды ҚХР ішкі өлкелеріне, Тайуан және Макаоға экстрадициялау туралы заңды бекіткен болатын. Экстрадициялау туралы заңның өзгерісі себеп болған бұл рет шеруге қатысушылар миллионнан астамның наразылық шарасына қатысқанын айтты. Алайда, полиция тарабы бұл санды 240 мың адам деп көрсеткен.
Наразы топ Бейжіңнің кекті шешімі Гонконгтің автономия құқығын аяққа таптау деп бағалаған. Гонконгтің Парламенті аталған заң жобасын 12 маусым күні қарайтын болады. Жүз мыңдаған адам ақ түсті киім киіп, қала көшелерінде шеру өткізді. Шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Бұл наразылықты тіпті де күшейтіп, наразы топ Парламент ғимаратына кіруге әрекет еткен. Бейжің билігі Гонконгтегі ауқымды наразылық шарасы туралы ақпаратты Қытайдың өз ішінде таратуға цензура қойған.
Ал, Қытайдың сыртқа бағытталған кейбір ресми ақпарат құралдары болса, массалық наразылық шарасына шетелдік күштерді айыптап, хабарлар таратқан.
Дереккөз: “The Qazaq Times”