Атырау, 28 қараша 03:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамппен өткізген келіссөзден кейін Жапонияда жаңа ереже жарияланды

2 402 просмотра


Жапония кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тамыз айынан бастап ақпараттық технологиялар саласы мен телекоммуникация индустриясына шетелдік инвестицияларды шектейтінін білдірді. 

Бұндай мәлімдемені Жапонияның, Қаржы, Экономика, Сауда және Индустрия, Ішкі істер мен Ақпарат және Телекоммуникация қатарлы бірқатар министрліктері бірлесе жасады.  Жапон үкіметі жариялаған технологиялар мен телекоммуникациялық құрылғылар туралы жаңа нормативтік актілерде жад микросхемаларын өндіру, бағдарламалық жасақтама әзірлеу және коммуникациялық жабдықты өндіру сияқты 20 астам технологиялық сала қамтылған. Яғни, Жапония билігі тамыздан бастап осы салалардағы шетелдік инвестицияларды шектейді. Министрліктердің бірлескен мәлімдемесінде: "Соңғы жылдары кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы арата түсті. Соны ескере отырып, Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің алдын алу мақсатында, интегралды схемаларды өндіруді қамтыған қажетті шектеу шараларын қолдануды жөн көрдік", – делінген. 

Бір сөзбен айтқанда Жапония ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін технологияларға шетелді араластыруға толықтай шектеу қоюға тырысуда. Мәлімдемеде, шектеуге ұшыраған шетелдік компаниялардың тізімі туралы мәлімет берілмеген. Бірақ, жаңа ереженің 1 тамыздан бастап атқарылатынын ескерткен. Айта кетерлігі, осы мәлімдеме жарияланған күні Жапонияда мемлекеттік сапарда жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп пен Жапония бас уәзірі (премьер-министрі) Шинзо Абе сауда-экономикалық және өзге де мәселелер туралы келіссөз отырысын өткізген болатын. 

Ал, Құрама Штат тарабы көптен бері Қытайдың телекоммуникация алыбы Huawei компаниясы әлем елдерінің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертіп келген. АҚШ тарабы аталған қытайлық компанияны Қытай Коммунистік партиясымен құпия тығыз байланыста екенін, Қытайдың ұлттық мүддесі үшін қызмет істейтінін алға тарады. Алайда, Бейжің билігі мен Huawei компаниясы бұл айыпты жоққа шығарып келеді. Жапонияның аталған жаңа шешімге Жапония мен АҚШ лидерлерінің келіссөз кездесулері өзіндік әсер еткені анық. 

Қазіргі Жапонияның "Валюта және сыртқы сауда" туралы заңына сәйкес, ұшақ жасау, ядролық қондырғыларды өндіру және қару-жарақ өндірісі секілді маңызды салалардағы шетелдік инвесторларды бақылауда, үкімет тарабы Жапонияның ұқсас саладағы компанияларының  ең аз болғанда 10 пайыз акциясын сатып алуын талап етеді. Не болмаса, листингілік компаниялардың акцияларын сатып алған кезде ол Жапония үкіметіне сатып алу туралы хабарлауы керек деген ережелері бар. Егер олардың жобасы ұлттық қауіпсіздікке залал келтіретін болса, үкімет олардың жобасын өзгертуге немесе күшінен қалдыруға тапсырма бере алады. Жапония үкіметі жаңа ережелер арқылы барған сайын артып келе жатқан Қытай компанияларының технологиялық мүмкіндіктеріне жол бермеуді қарастыруда. Салыстыра қарағанда, әлемде технологиясы дамыған елдердің өзі де Қытайдың ұлттық қауіпсіздікке төндіретін қатерінен көбірек алаңдауды.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

28 мамыр 2019, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.