Атырау, 10 қазан 14:55
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жойқын жоспарлар

2 048 просмотра

24-26 қыркүйекте Ақтауда өткен инвестициялық форумға қатысқан ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ сөзі қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Ол Атырау облысы бойынша Өзбекстан мен Түркіменстанның Ресеймен және Еуропаға шығатын көлік байланысын қамтамасыз ететін Астрахан – Атырау – Ақтау - Түркіменстан шекарасы бағытындағы халықаралық дәліз өтетінін еске салды. 2007 жылы Қиғаш өзені арқылы көпір салынған, ал 2009 жылы ұзындығы 428 шақырым болатын Атырау – Бейнеу көлік жолы учаскесіне қайта жарақтау жүргізілген.

Бейнеу поселкесінен Шетпе поселкесіне дейінгі проблемалы учаскенің өзіне келер болсақ, Қасымбектің айтуынша, ол жерде қазір ұзындығы 240 шақырым жерде жол-құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, оны 2014 жылы аяқтамақ. Жол қызметкерлері бұл жұмыстарды осы мерзімде бітіре ала ма? Белгісіз. Форумға көлікпен баруға бел байлаған қатысушылардың растауынша, әзірге бұл учаскеде әлі ештеңе жасалмапты.

Қасымбектің айтуынша, ұзындығы 243 км болатын Жетібай – Жаңаөзен және Шетпе – Ақтау учаскелерін салу үшін Азия Даму банкінен несие алу жұмыстары қатар жүруде.

Бұдан басқа, 2014-2018 жылдары Атырау-Астрахан және Атырау-Ақтөбе учаскелерін қалпына келтіру жоспарланған.

Ұзындығы 164 шақырым болатын Жаңаөзен учаскесі – Түркіменстан шекарасы бойынша қазіргі кезде жобалау-сметалық құжаттама жасақталыпты. Қайта жарақтауды 2014 жылы бастау жоспарланып отыр. Осы дәліз бойынша жұмыстарды толықтай аяқтау 2017 жылға жоспарланған.

2017 жылдан бастап ұзындығы 500 шақырым болатын Бейнеу-Шалқар жаңа учаскесін (соның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 120 км) салуды бастау жоспарланыпты. Ол Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізіне шығуға мүмкіндік береді.

Теңіз жағалауы инфрақұрылымына келер болсақ, ол Каспийдегі үш теңіз және Атыраудағы бір саға айлағынан тұрады. Мұның соңғысы мұнай кенішін игеру үшін жүктерді және жабдықтарды ауыстырып тиеуді қамтамасыз етеді.

2009 жылы жүргізілген айлақты қайта жарақтау жұмыстары жылына 600 мың тоннаға дейін ауыстырып тиеуді қамтамасыз етуге және 2,3 метрге дейін суға шөгетін кемелерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Келер жылы тереңдету жұмыстарын жүргізіп, Жайық-Каспий каналын қайта жарақтау жоспарланып отыр. Бұл жобаға мемлекеттік бюджеттен 250 млн теңге бөлінді.

Маңғыстау облысында 2014-2017 жылдары туристік кластерді құру шеңберінде «Кендірлі» курорттық демалыс аймағынан (Фетисов шығанағы) әуежай салу жоспарланды. Жобаның жалпы құны - 53,84 млрд теңге.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

3 қазан 2012, 22:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.