Атырау, 24 қараша 22:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сарапқа түскен сынақ

2 207 просмотра

Сейітқажы Оқасов әділ, бірақ қатал.Елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аттестациялаудан өтіп жатқандығы оқырмандарымызға көптен бері белгілі. Аттестацияның не екендігі және оның қалай өтетіндігі емтихан алушы мен сынақ тапсырушылардан басқа жандарға беймәлім. 27 қыркүйекте «АЖ» тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің аппарат жетекшісі Сейітқажы ОҚАСОВ басшылық еткен комиссияға ТЖД офицерлері тапсырып жатқан емтиханға қатысқан болатын.

Акт залында бәрі де өз орнымен қойылған – аттестациялық комиссия, стакандар мен минералды сулар, ұзын үстел. Оның бас жағында бәрінің үрейін алған Сейітқажы Оқасов, сол жағында бәрі үміт артып отырған ТЖД бастығы полковник Болатбек ОМАРОВ отыр.

Дәліз бойында топырлаған погонды жігіттер абыржып жүр. Кейбірі кіріспе сөздері жазылған умаждалған параққа үңіліп, әлденені күбірлеп қояды. Біреулері саптық адым жасап дайындық жасаса, енді біреулері тыста үсті-үстіне темекі тартып, өздерін еркін ұстауға тырысуда. Шамасы, төтенше жағдай қызметкерлері мұндай күйзелісті көптен бері бастан өткермеген секілді.

«Оқасов қатал адам», – деп сыбырласқан дауыстар естілді дәлізден. Емтиханнан алғашқы бес адам шыққаннан кейін қалғандары табалдырықта тұрып қалмай, анық саптық адыммен бару керектігіне, күмілжімей, қатты дауыстап сөйлеу керек екендігіне қанық болды. Алайда жоғары шенді шенеуніктен: «неліктен жылына бір рет бір күндік еңбекақыңызды ардагерлер кеңесіне аудармайсыз? Осы бір мың теңгеден байып кетесіз бе?», «2011 жылы сіз қатаң сөгіс алыпсыз және сіздің ісіңізде немқұрайлықпен қарау салдарынан тәртіптік жаза қолданылғаны жазылған, толық айтып берсеңіз», «өзіңіздің атқаратын міндетіңізді айтып беріңізші!», «сонда сіздің балаңыз нешеу?», «Сізге жұмысыңыз ұнай ма?», «жыл сайын жұмысыңызды ауыстырасыз, мінез-құлқыңызда кемшілік бар ма?», «қандай отбасылық жағдайлар, қане, толық айтсаңыз?...» дегендей сұрақтарды ешкім де күтпеген екен.

"Келесі...".Құқық бұзушылық пен тәртіптік жазалар туралы жеке тармақ жазылған жеке іс көп нәрсені шешті. Егер мұндай жеке тармақ болмаса, Оқасов бірден жібере салады. Жазасы барлар микрофон алдында ұзақ отырып, шамаларынша түсінік берді. Бірақ үкім қатаң болатын.

Аттестациядан өту парағында бес тармақ бар: лауазымына сәйкестігі; жоғарылату; төмендету; басқа жұмысқа ауыстыру; жұмыстан шығару.

Біздің отбасыларымыз осы жерде, ал егер ауданға ауыстырып жіберсе ше? Не істеймін? Жалғыз өзім тұрамын ба, әлде отбасымды жылы орнынан қозғаймын ба? – дейді қызметкерлердің бірі күрсініп. Шамасы, сұхбаттасудан сәтсіз өткен секілді. – Кешіріңіз, әйелім қоңырау шалып жатыр... Иә, сүйіктім... Жақсы емес секілді...

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

 

Лайықсыз болсаң, погоныңды қайтар

Өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ ақпараты бойынша, Атырау облыстық ТЖ департаментінде кезектен тыс аттестацияның төртінші қорытынды кезеңінің отырысы болып өткен. Аттестациядан 45 қызметкер өткен. 6 қызметкер қызметіне лайықты деп танылып, қызметін жоғарылатуға ұсыныс берілген. 31 қызметкер лауазымына сай емес деп танылған. 3 қызметкер лауазымына сай емес деп танылып, басқа лауазымға (қызметке) ауыстыруға, 3-уін лауазымынан төмендетуге, 2-уін жұмыстан шығаруға шешім шығарылған.

3 қазан 2012, 22:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.