Атырау, 4 мамыр 08:22
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Кішкентай екі қыз терезеден құлап, біреуі көз жұмды

5 306 просмотра


Өткен аптада Атырауда Лесхоз ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің терезесінен кішкентай екі қыз құлап кетті. Олардың біреуі аман қалып, екіншісі сәл кейінірек алынған зақым салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Бұл оқиғалар неліктен екені белгісіз, Полиция департаментінде де, ТЖД-де де тіркелмеген. Ақпаратты тек денсаулық сақтау басқармасынан ғана алудың сәті түсті:

- Баланың екеуі де бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер бар күштерін салып, күрескеніне қарамастан 5 жасар қызды құтқару мүмкін болмады. Ал 4 жасар қыздың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

Бұл биыл Атырауда орын алып отырған осындай екінші жағдай:

27 қаңтарда әжесінің жұмыстан келе жатқанын көрген кішкентай ұл бала терезеден құлап кеткен еді. Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, сол жерден емделіп шықты.

ҚР ІІМ ТЖ Комитетіндегілер кеңес береді:

- Москит торларға сенбеңіздер, олар қауіпсіздік елесін ғана жасайды. Егер балаға терезеден бір нәрсе көрсетер болсаңыз, оны мықтап бекітіңіз, балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіздер. Бала терезе алдына шығып алмас үшін кереуетті, бүкіл жиһазды терезе алдынан ығыстырыңыз.

Фархат ӘБІЛОВ

28 сәуір 2019, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.