Атырау, 28 қазан 15:33
 дождьВ Атырау +16.5
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Атырауда жаңа балалар ауруханасы салынады — Тоқаев

70 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Қазақстанда сегіз заманауи перинаталдық орталық пен жеті көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарланып отыр. Медициналық инфрақұрылымды дамыту туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Жаңа балалар ауруханалары Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында бой көтереді. Тағы екі медициналық нысан Астанада салынады.

Мемлекет басшысының айтуынша, ауқымды құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңінде сегіз перинаталдық орталық салу көзделген.

Тоқаев денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі халық санының өсуімен байланысты екенін атап өтті. Қазақстанда шамамен жеті миллион бала бар, бұл ел тұрғындарының 34 пайызын құрайды. Жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.

«Еліміздің халқы қарқынды өсіп келеді. Сондықтан денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі әрі жедел дамыту — аса маңызды міндет», — деді Президент.

Медициналық нысандарды салу үшін Мемлекет басшысы бюджет қаражатымен қатар жеке капиталды да кеңінен тартуға шақырды. Сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымға жеке инвестициялардың көлемін арттыруға мүмкіндік беретін, басталған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын табысты жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

«Ең бастысы — тиісті рәсімдердің негізсіз созылуына жол бермей, шешімдерді жедел қабылдау», — деді Тоқаев.


Бүгін, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.