Атырау, 23 қараша 21:14
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балгерлердің «ем-домы»

6 408 просмотра

Киелі инквизиция дәуірінде ерекше қасиеті бар адамдарды сиқыршы деп айыптап, оларды отқа өртеп, жандарын тазартатын. Бақытымызға орай, қазіргі кезде экстрасенстерге деген адамдардың пікірі өзгеше, тіпті мемлекетіміз Денсаулық сақтау министрлігі базасының жанынан «Қазақстан Республикасының халықтық және рухани емшілері» деп аталатын ұйым құрды. Ол ұйым емшілердің жұмысын қадағалап отырады, сертификаттер беріп, түрлі курстар өткізеді.

 

ЭКСТРАСЕНСКЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ

«Кәсіби халық емшілерінің республикалық ассоциациясы» ҚҰ президенті, «Сократ» халықаралық сыйлығының иегері Бауыржан НҰРЖАНОВ баспасөзбен тілдесуге өкілетті деп таныстырды орынбасарларының бірі. Мен оған кідірместен сұрақтарымды қоя бастадым:

- Менің жақындарым бас ауруына шағымданған кезде мен олардың басына массаж жасаймын. Кейін аурудың басылғанын айтып жатады. Бәлкім, менің де бір ерекшеліктерім бар шығар, сертификат алып, контора ашып, прейскурант ілсем бе екен?

- Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді дәлелдеу үшін  бізде 78 сұрақтан тұратын арнайы тестілеуден өтесіз. Сіздің емшілік қабілетіңіздің бар-жоғын анықтаймыз. Келесі кезең – курстар. Бұл жерде сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді молынан көрсете аласыз, машықтанасыз. Сезім байланысының арнасына қосылу, бізге келушілердің жеке өміріндегі сәтсіздіктерінің себебін анықтау, ауруларды басуға үйрену, көз тию мен дуалаудан айықтыру, фотосуретпен және қашықтықтан жұмыс жасау, өзге де ауруларды емдеу.

2011 жылдың соңында Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті емші, яғни халық дәрігері міндетті түрде сертификатталған болуы және бақылаушы органға тіркелуі керек деген бұйрыққа қол қойды.

– Демек, бұлардың бәрін үйреніп алуға болады ғой. Қызық екен. Мен мұндай ерекше қабілет клиникалық өлімнен немесе балалық шақтағы ауыр күйзелістен кейін, ең болмағанда бастан соққы алғаннан соң пайда бола ма деп ойласам?..

- Мұндай нәрселерді біз анықтамаймыз. Біз соңғы кездері небір дүмшелердің кесірінен абыройы кете бастаған емшілердің беделі үшін күресуге тырысамыз. Тестілеуге қатысу үшін болашақ емші наркологиялық, тері-венерологиялық, өкпе аурулары және ақыл есі дұрыс емес адамдар диспансерінде тіркеуде тұрмайтындығын көрсететін төрт анықтама әкелуі тиіс.

 

КЕРЕМЕТКЕ КЕПІЛДІК БАР МА?

- Өткен аптада жергілікті баспасөз құралдарында сіздің Ассоциацияңыздың Атырау филиалының директоры Райхан ТАЖИЕВА...

- Кім? Бұл өтірік. Ол қазір бұл орында отырмайды.

- О, сіздерде қазір бұл жұмыс орны бос па?..  Ол кісі біздің қаламызды жаулап алған дүмшелер мен алаяқтар туралы айтып еді. Олардың қызметтерінің ақысы да ұшынып тұр, біздің облысымыздың деңгейін өзіңіз білесіз. Сіздің орталығыңыз осындай сирек қызмет түрлерінің бағасын белгілі бір дәрежеде реттеп тұра ма?

- Қазіргі уақытта Атырау филиалының директоры қызметінде Раулия Шугаеваотыр. Қызмет бағасы жөніндегі әңгімеге келсек, бұл жерде әр емші өз бағасын өзі қояды, ал біздің орталық оны мақұлдайтынын-мақұлдамайтынын шешеді.

Және бір қосарымыз, халықемшілері де кабинеттерінде санитарлық ережелерді қатаң сақтап, салық төлеуге міндетті. Жыл сайын сертификаты бар емшілер өздерінің қызметі жөнінде, соның ішінде салық төлемдері бойынша бізге есеп беріп тұруға міндетті. 

Анастасия ПАСТУХОВА

 

Эльмира тек шынын айтады. «Ол бал ашады, емдейді, өзі иманды, ондай адам өтірік айтпайды деген құрбымның соңғы сөзі менің сенімімді арттыра түсті, - деп жазады Мария Т. өзінің «АЖ»-ға жолдаған хатында. – Менің балам жиі ауыратын, содан кейін, мүмкін, шынымен көмегі тиер деп ойладым. Эльмира орта бойлы, қара көзілдірікті, басына орамал таққан қыз бала екен. Баламның фотосуретіне қарап тұрды да, оның барлық ауруы көз тию мен дуалаудан пайда болғанын айтты. «Мен адамдарға көмектесемін. Менің аяғыма қарашы. Мына жараларды көріп тұрсыз ба? Бірде-бір дәрігер нақты диагноз қоя алмады. Бұлардың қалай шыққанын мен өзім ғана білемін, себебі мен жағымсыз энергияның бәрін өзіме тартып аламын. Ия, ауырамын, бірақ бұл құдіретті маған Аллах сыйлады, енді мен оны ойыншық қыла алмаймын, әйтпесе, бұдан да бетер ауруға шалдығамын,- деді емші. – Көбіне маған  Аджип, ТШО-да жұмыс жасайтын қыздар келеді... Мен, әрине, ақша аламын, себебі, бұл менің жұмысым ғой». Кешкісін, өзі тапсырманы қатаң жүктегендей, сағат 20.00-де (менен алдын-ала 60 000 теңге алды) мен жақсылап жуынып, басыма орамал тартып, сол күйімде кереуетте 10 минуттай жатуым керек – бұл кезде пәтерде жоралғыға кедергі келтірер ешкім болмаса, тіпті жақсы. Күйеуім мен ұлымды серуендеп келуге жіберіп, келіскен уақытта Эльмираға телефон шалдым. «Енді сенің ұлың ауырмайды, оның мықты қорғанысы бар», - деп сендірді. Уақыт өтіп жатты, ал балам ауруынан жазылмады. Мені алдап соққанын түсіндім. Полицияға бардым, ол жерде маған арыз жазу керектігін айтты, бірақ мен ол ойымнан айнып қалдым. Тағы бірдеңеге ұшыратып жүрер деп қорықтым. Бұл оқиғаны ұмытқан дұрыс деп шештім».

26 қыркүйек 2012, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.