Атырау, 26 сәуір 09:52
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қазақстан «Байқоңырды» жалға беруді жалғастырады

2 732 просмотра


Қазақстан «Байқоңырды» жалға беру келісімін бұзбайды. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді. 

Министрлік «Қазақстан тарапы «Байқоңыр» кешенін жалға беру бойынша Ресей Федерациясымен жасалған халықаралық келісімдерді сақтайтынын мәлімдеді. Ведомство 2004 жылдың 9 қаңтарында жүзеге асқан «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану туралы мемлекетаралық келісімге кешенді Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылғанын ескертті. Сонымен қатар министрлік сенаторлар көтерген Байқоңыр қаласын дамыту мәселесі Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық комиссия отырысында қаралатынын атап өтті. 

Айта кетейік, Ресейдің Байқоңырдан ұшырылатын «Протон М» зымыраны Кеңестер одағы кезін есептемегенде Қазақстан аумағына 1999 жылдан бері құлап келеді. Соңғы рет «Протон М» зымыраны ел аумағына 2015 жылы 16 мамыр күні құлаған болатын. 

Ал 2018 жылы 11 қазанда сағат 14:40-та Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында «Союз МС-10» кемесі бар «Союз ФГ» зымыраны ұшырылған болатын. Бірақ зымыран әуеге көтерілген бетте апатқа ұшырап, экипаж мүшелері жерге қонуға мәжбүр болған. Ресей тарапы Қазақстан халқының қарсылығына қарамастан апатқа жиі ұшырайтын «Протон» зымырандарын ұшыруды тоқтатқан жоқ. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

13 сәуір 2019, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.