Атырау, 28 қараша 08:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Армения депутаттары Ресей телеарналарына шектеу қоюды талап етуде

1 399 просмотра


Армения депутаттары Ресей телеарналарына шектеу қоюды талап етуде. Армения парламентінің ғылым, білім, мәдениет, диаспора, жастар және спорт комиссиясының кезекті отырысында «Менің қадамым» блогының депутаты Нарине Тухикян ел аумағында тарайтын ресейлік «Мир», «Ресей» және «ОРТ» телеарналарына шектеу қою қажеттігін айтып ұсыныс жасады. 

Тухикянның сөзінше, аталмыш телеарналар антиармяндық бағыттағы дүниелерді насихаттауда. Өз кезегінде Тухикянның бұл ұсынысына Армения телеарна және радио ұлттық комиссиясының төрағасы Тигран Акопян «бұл толықтай саяси мәселе» - деп жауап берді. «Халықаралық (телеарналармен-ред) проблемелар бар. Біз бұған дайынбыз. Бұнда заңдық мәселелер де жетіп артылады. Бірақ бұның барлығы толықтай саяси мәселе. Бізге айтады: «қараңдар Украина, Грузия, Молдова шешім қабылдады» - деп. Десе де, біз бұл шешімнің бағасын түсінуіміз қажет» - деп мәлімдеді Акопян.

Дереккөз: qazaqtimes.com

12 сәуір 2019, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.