АҚШ Еуроодақтан келетін тауарларды 11 млрд долларға дейін шектеу мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратқа қарағанда, мұндай шараға АҚШ тарапы Airbus жариялаған субсидияларға байланысты барып отыр. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымы субсидиялар АҚШ-қа кері әсерін тигізіп жатқанын алға тартқан.
«Бұл жағдай АҚШ пен Еуроодақ арасындағы сауда шиеленісін туғызатын болады», деп жазады автор.
Оның пайымынша, аталған мәселе 14 жыл бойы қарастырылған. Естеріңізге сала кетсек, былтыр АҚШ Еуроодақ пен басқа серіктестерінен келетін алюминий мен қалайы импортына қосымша ақы енгізген болатын.
Оған жауап ретінде Еуроодақ америкалық тауарларға шектеу енгізіп, 2,8 млрд еуроға санкция жариялады. Ал өткен айда АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодақтан әкелінетін көліктерге тариф енгізетінін айтқан еді. Дегенмен, Еуроодақ «11 миллиард доллар тарифін шектен шыққан шара» деп бағалаған.
Дереккөз: inform.kz