Атырау, 27 желтоқсан 17:05
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Алма кетті домалап...»

4 730 просмотра

… Су-ли-фа! Су-ли-фа!!! – деген түсініксіз сөзді мәнерлеп айтып жатқан дауыс таяу күндердің бірінде менің ашық тұрған тереземнің желкөзінен естіліп жатты. Терезеден мен жергілікті аула балаларының ойнап жатқанын көрдім. Сөздің соңғы буынынан соң балақайлардың барлығы жан-жаққа тұра қашады. Олардың арасынан қалып қойған біреуі шалшық суға отырды да,  шприцті суға толтырды. 

…Одан арғысын мен аузым ашыла бақылауға алдым: ойынның ақыры компаниядағы кімге болса, соған лас суды шашумен аяқталады екен. Ал кім жалтарып қашып үлгермейді шартты түрде нашақорға айналады. Сөйтіп, оған шалшықтан «есірткіні» инеге сорып алудың кезегі тиеді. 

– Шприцті қайдан алдың?  – жасы шамамен жетілердегі ойыншылардың бірін қолынан ұстай алдым.

- Ана жерде жатты, - деп басын бұлғады көлікжай жақты сілтеп.

Бірақ, біз инесін лақтырып тастадық, онда мүмкін СПИД бар шығар.

– Сен СПИД-тің не екенін білесің бе?

- Одан адам өледі, – деп жауап берді балақай және менің қолымның босап кеткенін байқады ма, жұлқынып шығып, зыта жөнелді.

Белгілі болғанындай «нашақор» барынша кең тараған ойын түрі екен. Балалар көшеде басқа қандай ойын түрлерін ойнайды деп ойладым. Балалар ойындары әлеміне саяхат жасауға таныс бір балақай кеңесші ретінде бізге көмек қолын ұсынды, оны Витя деп аталық, ол өзінің ата-анасының таяқтауынан қорықты ма, бүркеншек атпен қалуды қалады.

«CЕН – ҚАТЫНСЫҢ!»

Бұл ойынның мәні бізге бұрыннан «параша» деген атпен белгілі ойынды еске түсіреді. Менің балалық шағымнан есімде қалғаны, кез-келген нәрсе параша бола алатын, басты шарт – ол заттың лақтырғанда жақсы ұшуы үшін барынша ауыр болғаны және ешкімді жарақаттамауы үшін жеңіл болғанына мән беретінбіз. Бұл ойынның басты ерекшелігін қазіргі қалалық балалар қоқыс контейнерлерінен тауып жатады. Ал енді сіздің төбе шашыңыз тік тұрмасын, балалар әйелдердің қолданылған гигиеналық құралдарын тауып алып, оларды таяқшаға түйреп, бір-біріне лақтырысады. Кімнің жолы болмаса, оның «қатын» болғаны. Кейде «парашалардың» қызметін  балалар памперсі, лас шүберектер, жыртылған аяқ киімдер де атқарып жатады.

ПАРА БЕРСЕҢ – БАСЫҢ БОС

Жетекшіміз, ол мент емес қой, сөйтсек, лаңкесшімен бетпе-бет келіп қалды. Атыс-шабыс, қоршау – оның бәрі бізге таныс, оның қызығы кейін  ментке лаңкесшілерді ұстап алу мүмкіндігі туған кезде басталады.

Тәртіп сақшысы олардың барлығын түрмеге – оның рөлінде балалар ойнайтын алаң, беседка, подъезге қарай алып келеді. Кімнің пара беретін мүмкіндігі бар, олар бостандыққа шығады, ал мұны алдын-ала ойластырмаған адамның өзі полицейге айналады. Пара ретінде кез-келген қағазды алуға болады,  бірақ, көбіне түрлі түсті флаерлерге басымдық беріледі.

Дегенмен, соңғы кездері «нақты бір банктердің» (ондайлар кез-келген кеңсе тауарларын сататын дүкендерде бар)жалған ақшалары салынған әмиянды ұстап жүру сәнге айналды. Бұл жалпы керемет қой, - дейді Витька.

ӨТЕ ҚОРҚЫНЫШТЫ

Қыздардың ойынына келсек, оларда бәрі бұрынғысынша. Алайда, қазір ешкім де резеңкемен секірмейді және бақбақтан салат дайындамайды, бірақ, қызы мен анасы, аурухана  сияқты басқа да ойын түрлері әлі де қала қоймаған. Жаңа ойындардан – «Винкс» сиқыршылары, қыздар әдетте, Блум атану үшін бір-бірімен дауласып жатады. Кішкене ханшайымдардың айтуынша, Блум батыл да адал және жомарт, ол Винкс клубының жағымды көшбасшысы, сондықтан да Блум болу - қыздардың арманы.

Қорқынышты ойындарға келер болсақ, олар да қазір сәнде екен. Әдетте, балалар оны арнаулы сайттардан оқып алады, бірақ, Жәнібек есімді бала өзінің бір досының апасымен болған жағдайды, дауыс ырғағын өзгерте отырып әңгімелеп берді: 

Бір қыздың анасы «Дина» базарынан өз қызына көпшік сатып алған. Ол қызға өте ұнайды: жұп-жұмсақ, бұрқырап тұр. Бірақ, қыз сол көпшікке жатқалы бері аяқ астынан ауруға шалдыққан: оның өмірін көпшік сорып жатқандай болған. Ата-анасы дәрігерлер шақыртқанмен, олар сырқаттың неден болғанын анықтай алмаған. Біраз уақыттан соң дәрігерлер мұның бәрі көпшіктен келгенін  түсінген. Көпшікті ашса, оның ішінен көптеген микробтар шығыпты. Ал сол кезде қызды микроскоп арқылы қарай бастағанда, оның үстінде микробтардың жүргенін анықтаған, олар оның өмірін сорып жатқан екен..

Менің кеңесшім Витька жоғары технологиялар саласына қатысты қызықты оқиғаларды келтіреді:

- Бір бала интернетте отырған кезде оған хат келеді: «мынадай сайтқа кір!». Бала оған кіреді, ол жерде ролик және онда былай деп жазылған екен: «Қарасаң, өлесің!». Ол қарайды, содан бәрі басталады: алдымен оның өзі өледі, кейін оның барлық туысқаны, ең соңынан оның алабай иті  мен аквариумдегі балықтары өледі.

Баланың ойынытүзде емес, үйде

Осының барлығы туралы әріптестеріме айтып бергеннен соң біз еріксізден-еріксіз өзіміздің балалық шағымыздағы ойындарды сағынышпен еске ала бастадық. Бір минуттың ішінде бірнеше нұсқаларды ұсынуға мүмкіндік туды: резеңке, жасырынбақ, асық, картошка, «классики», ортаға түспек, 5 тас, сақина, казаки-разбойники... Ал біздің қайсымыз қарғаның мәткесі мен гномды шақырмады дейсіз?

Санамақтың өзі жеке бір тақырып: «алма кетті домалап...»,  «штандер, штандер, гуманэ…», «на золотом крыльце сидели…» және т. б.

Біздің балаларымыз да өздерінің санамақтарымен мақтана алады, мысалы: «Вышел Децл из тумана, Вынул сотку из кармана. Сотка села, Децл сдох, Потому что Децл – лох!». Немесе: «На златом крыльце сидели: Мишки Гамми, Том и Джерри, Скрудж Макдак и три утёнка. Выходи, ты будешь Понка».

Бір-екі анекдотты Витьканың өзі де айта салды:  «–А-а-а-а! Спанч Боб, көмектесе көр!  Сквидвард бананның сүйегіне қақалды!

– Патрик, бананда сүйек қайдан жүр?

– Мен тығып қойдым!»

Патрик және  Спанч-Боб, Спайдермэн және жасыл гоблин, бакугандар, жапонның батырлары  Наруто және басқа да толып жатқан кейіпкерлердің барлығы қазіргі анекдоттардың кейіпкерлері. ТНТ арнасының шынайы көрермені Витька Руслан Белыйдың (Витька оны ең күлдіргі деп есептейді) бірнеше монологтарын жатқа айтып берді. 

Мен де қарап қалғаным жоқ Вовочка туралы анекдотты айтып бердім.

Жайбарақат тыңдап алған Витька менің анекдотымды тіптен «айс» емес деді.

– Айс дегенің не?

– Компьютерлік ойындар. Мәселен,  Warface, Cross Fire… Менің «Мой Мирімдегі» түрлі желілік ойыншықтар.

– Бұл ойындар сендердің бастарыңды қоспайды ғой. Одан да көшеге шығып, қозғалыс ойындары, мәселен, доппен соғып (выбивалки) ойнамайсыңдар ма?

– Не? Мен ондайды білмеймін. Біздің ойындарымыз да қозғалыс ойындары. Ал Counterstrike – оның қалай ойнайтынын сен түсінбейсің.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 қыркүйек 2012, 00:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.