Атырау, 27 желтоқсан 16:37
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Австрияның турашыл жігіттері

2 465 просмотра

12 қыркүйекте облыстық әкімдікке Австрия бизнесмендерінен құралған делегация бас сұқты. Келген қонақтар өздерін мұнай-газ секторы қызықтырып отырғандығын жасырмады.

Делегацияны сауда атташесі және Қазақстандағы Австрия елшілігінің сауда бөлімінің басшысы Михаэль МЮЛЛЕР бастап келді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау облысын 40% шикі мұнай өндіретін және ел бюджетінің 1/5 бөлігін құраушы аймақ ретінде таныстырды.

Оның айтуынша, бүгінгі күні біздің аймақта 450 шетелдік кәсіпорын және бірлескен кәсіпорын жұмыс жасайды екен. Облыс әкімі орынбасарының міндетті түрде мұнайлы ғана емес басқа да түрлі жобаларға қатысуға шақырған ұсынысына Мюллер австриялық турашыл мінезбен былай деп мәлімдеді: 

- Біз сіздің экономиканың басқа да салаларын дамытуды қалайтыныңызды жақсы түсінеміз, алайда, бізді бәрінен бұрын мұнай-газ секторы қызықтырып отыр.

Қазақстанның Австрияға басты мұнай жеткізуші екендігін ескерсек, әрине, олардың қызығушылық танытуы түсінікті де. Біздің елімізде барлығы 50 австриялық компания жұмыс жасайды, инвестицияның  ҚР экономикасына бүгінгі күні  қосып отырған үлесі 2,5 млрд еуроны құрайды, оның жартысы мұнай-газ саласына ұлттық австриялық «OMV" компаниясы арқылы жеткізіледі.

Мюллер осы жылдың қазан айындағы Нұрсұлтан Назарбаетың Австрияға сапары алдында австриялық тараптың сауда қатынастарын одан әрі дамытуға сенім артып отырғандығын мәлімдеді. Австриялықтар АМӨЗ-ның қайта жарақтандырудың қандай деңгейде екендігіне, газ-химия кешенінің құрылысына  және Қашаған жобасына барынша қызығушылық танытты. Бір айта кететін жайт, «KPI» компаниясы газ-химия кешенінің жобасы  бойынша қоғамдық тыңдауды осы жылдың тамыз айында өткізуге уәде берген болатын, алайда, ол болмай қалды,  компания Қытайда жобалау жұмыстары әлі жалғасуда деп мәлімдеді. Болашақ кешен базасында құрылатын Еркін экономикалық аймаққа келетін болсақ, Дүйсембаевтың айтуынша, еркін экономикалық аймақ аумағында жүзеге асырылатын шамамен 30жоба анықталып үлгерген.  

Бұдан басқа, австриялық қонақтарға облыс орталығының аумағында индустриалды парк құруға қатысуға ұсыныс берілді.

- Біз инфрақұрылым құрылысының шығындарының бір бөлігін өз мойынымызға аламыз. Ал кәсіпкерлер тек жобаларды жүзеге асырумен айналысатын болады. Кеше біз орынды анықтадық. Енді облыс әкімімен келісімге келіп, жобаны таныстыруды бастаймыз, -деп мәлімдеді Дүйсембаев.  

Қонақтарға ұсынылған тағы бір ұсыныс сервис компанияларында бірлескен компанияларды құру. Алайда, оларды Астанадағыдай  емес, Атыраудағы компанияларды салықтардың жергілікті бюджетке түсу талаптарымен тіркеу көзделіп отыр.

Делегация мұнай шламдарын пайдаға асыру бойынша жергілікті компаниялармен серіктестікке назар аударды. Өз кезегінде атыраулық тарапты тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға асырудағы, ауыл шарушылығындағы, минералды шикізат кен орындарын жасақтау бойынша  жүргізілген австриялық тәжірибе барынша қызықтырды.  

Дүйсембаев сондай ақ, атыраулық әуежай базасында "Құрғақ порт" құру жобасы қарастырылып жатқандығын хабарлады. Оның аумағының 50% Атырау облысы әкімінің қарауындағы "Атырау" ӘКК меншігінде:

-Біз көліктік-логистикалық, жүк легінің  есептерімен айналысатын компаниялармен келісім-шарт жасап үлгердік. Осы жобаға қатысу жөніндегі сіздердің ұсыныстарыңызды да қарауға дайынбыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

18 қыркүйек 2012, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.