Атырау, 13 желтоқсан 22:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Алаяқтардың құрбанына айналмаңыз

5 680 просмотра

Атыраулық компьютершілер дербес компьютерлердіңжұмысын тоқтатып тастайтын зиянды бағдарламалардың құрбанына айналушыларсанының көбейгенін айтып отыр.  Бұл вирустар немесе«винлокерлер» құрбандықтарынан ақша алу мақсатында ғана таратылады. Интернет алаяқтарының құрығына түспеу үшін не істеу керек?

Әдетте, вирус жұққан компьютер мониторында аяқ астынан: «Сіздің компьютеріңіз педофилия және балаларға зорлық көрсету элементтері бар бейнематериалдарды қарағаныңыз үшін, көшірме жасағаныңыз үшін және таратқаныңыз үшін блокталып қалды. Блокты ашу үшін сізге QIWI-әмиянына 5 000теңге мөлшерінде айыппұл төлеу керек. Айыппұлға тең немесе одан асатын сома төленген жағдайда, терминалдың чегінде блокты ашу коды жазылатын болады» деген хабарлама атып шығады.

Әрі қарай алаяқтар, егер 12 сағат ішінде айыппұл төленбеген болса, компьютердегі бүкіл мәліметтер біржола жойылады, ал іс ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) қарау үшін сотқа жолданады деп ескертеді. Олар, сондай-ақ, компьютерді өшіріп, кері қоспауға кеңес береді, компьютердегі бүкіл мәліметтерді толығымен жойып жібереміз деп қорқытады.

Алаяқтардың әрекеттері екендігі ап-айқын, - дейді Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВА. Айыппұл салу – соттың және құқыққорғау органдарының айрықша құқықтары. Мұнда бәрі құжатпен рәсімделеді. Бұл жағдайда ақшаны не үшін және кімнің талап етіп отырғаны белгісіз. Бұлай тек алаяқтар ғана жасайды. Әдетте олар жазасыз қалады. Біріншіден, мұндай хабарлама алғанда құқыққорғау органдарына шағым жазуға жүгіретін адамдар аз. Екіншіден, оларды табу өте қиын. Бұл жерде бір нәрсеге ғана кеңес беруге болады: осындай хабарлама алғаннан кейін ақша аударуға жүгірмей, мамандарға жүгінген жөн.

Айтпақшы, осындай жолмен ақшаны қорқытып алу жөнінде Атырау қаржы полициясына бірде-бір шағым түспеген. 

Тәжірибелі компьютерші Александр МИЛЛЕР винлокерлер туралы көп нәрсені біледі екен. Қызметіне қарай осындай зиянды бағдарламалармен жиі бетпе-бет келіп, торыққан пайдаланушыларға көмектесетін көрінеді.

Компьютерлердің жұмысын тоқтатып тастайтын вирустардың алуан түрі бар. Олардың бірі жүйе жұмысын толықтай тоқтатып тастайды. Ал кейбіреулер жұмыс үстелінде баннерлер көрсетеді, олардан құтылу оңай болмайды. Осы вирусты таратушылардың мақсаты – ақша сору. Көрсетілген нөмір бойынша смс бойынша QIWI-әмиянға терминал арқылы ақша жіберген пайдаланушы, әдетте, блокты ашатын кодқа қол жеткізе алмайды, - деп түсіндіреді Александр. – Тіпті кодты алып, компьютерді ашқан күнде де  біршама уақыт өткеннен кейін вирус қайтадан бас көтеріп, тағы да ақша аударуды талап етпесіне ешқандай кепілдік жоқ.

– Вирус компьютерге қалай түседі?

– Көп жағдайда пайда-ланушылардың өздері ештеңеге күмәнданбастан осы вирусты интернеттен жүктеп алады. Бұл індетті қандай да болмасын бағдарламалық қамту, музыка, фильмдер және т.б. жүктеп, орнатуды ұсынатын сайттарға кіріп, жұқтырып алуға болады. Винлокер міндетті түрде сондай ресурстарға жасырынбауы мүмкін, одан ешкім де сақтандырылмаған. Тәжірибе көрсеткендей, антивирустардың бәрі бірдей винлокерді анықтай алмайды, сондықтан ғаламторға сақтықпен саяхат жасағаныңыз жөн.

Егер вирус жұқтырып алған компьютер жұмысын тоқтаса ше? Қарапайым қолданушы не істеуі керек?

– Осы вирустардың кейбірі компьютерге вирус жұққаннан кейін шектеулі уақытта әрекет етуі мүмкін. Компьютерді суырып, бір немесе екі сағаттан соң қайта қосып көру керек. Сол кезде вирус жүйені тоқтатып тастауды доғаратын шығар. Егер бұл көмектеспесе, мұның бірнеше тәсілдері бар. Антивирустық қамту бағдарламаларын жасаушылардың ресми сайтынан «деблокер» табуға болады. Сервис-деблокерлер компьютерді ашу үшін көптеген кодтар ұсынады. Егер біріншісі мен екіншісі көмектеспесе, вирусты қолдан жоюға тырысып көру керек. Бірақ бұл үшін кем дегенде компьютерді жақсы пайдалана білу керек. Сондықтан өз күшіңізге сенімді болмасаңыз, маман көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Алдағы уақытта өте мұқият болып, антивирусты жаңартып отырыңыз және күмәнді сайттарға кірмеңіз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 қыркүйек 2012, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.