Атырау, 28 қараша 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Еуропа Ресеймен байланыста сақ болуы тиіс»

1 770 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин және Аустрияның бұрынғы федералды президенті Хайнц Фишер. Фото: https://yandex.ru


Фишер «Wiener Zeitung» неміс басылымына берген сұхбатында Еуропа Ресеймен қарым-қатынаста барынша мұқият болып, дипломатиялық жоспарларды жан-жақты талдау керектігін айтқан. 

«КСРО зымырандарды Кубаға бағыттайтынын білген кездегі АҚШ-тың реакциясы әлі де есімізде. Яғни Ресейдің НАТО-мен бірлескен зымырандары Америка аумағында да болуы ықтимал. Сол үшін бұл бағытта әр қадамды аңдап басу керек», – дейді ол. Бұған дейін неміс басылымы «Die Welt» Ресей президенті НАТО альянсының стратегиясын бақылап отыратынын жазған. 

2004-2016 жылдары Аустрияның федералды президенті қызметін атқарған Фишер Ресейдің Қырымды аннексилап алуына қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, Кремльдің бұл қылығы Еуропалық Одақ елдері тарапынан тиісті жазасын алды, яғни санкцияларға ілікті. Енді алдағы уақытта «агрессиялық саясат» қайталанбауы тиіс. Жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шартқа 1987 жылдың желтоқсанында АҚШ пен КСРО көшбасшылары қол қойған. Шарт «Қырғи-қабақ соғысты тоқтатуға басты себеп» ретінде жүзеге асты. 

Құжат екі елге орта (1000-5500 км) және жақын (500-1000 км) қашықтықтағы жер бетіндегі орналасқан баллистикалық, қанатты зымырандарды пайдалануға және таратуға тыйым салады. Басқа ядролық державалар, соның ішінде Қытай аталған шартқа қол қойған жоқ. Уашингтон Ресейдің жер бетінде орналасқан 9М729 (НАТО классификациясы бойынша SSC-8) қанатты зымыранын әзірлеуіне байланысты құжаттың ережелерін бұзғаны үшін Мәскеуді бірнеше рет айыптаған. 

АҚШ-тың Ұлттық барлау директоры Дэниел Коутс өткен аптаның соңында аталған оқиғаға қатысты Ресей 2000-шы жылдардың ортасында-ақ кіші және орташа қашықтықтағы зымырандарын жасырын іске қосқанын және оның әлем үшін қауіпті екенін айтты. 

Ал Ресей тарапы өз кезегінде АҚШ-ты орташа қашықтықтағы қанатты зымырандарды жарақтандыру үшін Румыниядағы Aegis Ashore кешенін іске қосты деп, өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Құрама Штаттары мен Ресей арасындағы шабуылға арналған қару-жарақ (СНВ-3) туралы шартқа 8 жыл бұрын екі елдің экс-президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама қол қойған. Ол Уашингтон мен Мәскеу арасында жасалған стратегиялық ядролық қаруды доғару туралы жетінші шарт. СНВ-3 мерзімі 2021 жылы аяқталуы тиіс, алайда екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауы келісімшарт мерзімін ұзартпауы мүмкін. 

АҚШ аталған шарттан шыққан жағдайда Ресей өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қабылдауға мәжбүр болады. Саяси мағынада АҚШ-тың РСМД келісімінен шығуы – қос мемлекет арасындағы ядролық қару-жарақты шектеу туралы шарттарға өзгерістер енгізуге әкеп соғады. Демек, РСМД және СНВ-3 жобасының аяқталуы қару-жарақты бақылау жүйесін күйретеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

25 ақпан 2019, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.