Атырау, 27 желтоқсан 16:27
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жоба төңірегіндегі алауыздық

2 534 просмотра

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасын (ККЖ) мақұлдамады.

ЖЕР СІЛКІНІСІ ТУРАЛЫ ҰМЫТТЫ

Редакция құзырында ҚР ҚОҚМ экологиялық реттеу комитетінің осы жылдың 11 шілдесіндегі экологиялық сараптама басқармасы бастығы Шолпан СҮЛЕЙМЕНОВАНЫҢ қолы қойылған мемлекеттік сараптама қорытындысы бар. Ондағы басты қорытынды былай делінген (цитата): «Мемлекеттік сараптама құрылыс салуда қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалаумен  (ҚОӘБ) ғана шектелген ККЖ-н және техникалық-экономикалық негіздемені мақұлдамайды».

ТШО жобасына айтылған ескертулердің арасында (сараптамаға бірнеше жоба нұсқаларының тек біреуі ғана ұсынылды) қарастырылған аумақтың сейсмикалық жағдайы да аталып өтті. Осыған қатысты ұсынылған құжаттарда ол 5 балл деп бағаланған, бірақ, бұл жағдайда техногендік сипаттағы болуы мүмкін деген жер сілкіністері ескерілмеген және аумаққа жерасты геодинамикалық өңдеу жүргізілмеген.

ҚОҚМ сарапшыларының тағы бір маңызды талаптарының бірі: алдын-ала ҚОӘБ-да Каспий теңізінің акваториясына ККЖ нысандарының әсері де анықталмаған. Оның үстіне болашақ зауыттың модульдік құрылыс нұсқамасы Каспий теңізінің қорықтық аймағы бойынша ірі габаритті жүктердің теңіздік транзитін және модулін ұсынады. Сондықтан да «Теңізшевройлға» теңізге және Жайық өзені бассейніне экологиялық әсерін алдын-ала бағалау жүргізу ұсынылды немесе  баламалы нұсқаларын қарайды. 

ККЖ үшін ТШО таңдаған барлық өндірілетін газ көлемін айдау технологиясына да талаптар бар. Сараптамашылар экологиялық есептерді құрайтын баламалы нұсқаларды қарауға кеңес берді.

 

МИНИСТРЛІК СӨЗГЕ ҚҰЛАҚ АСА БАСТАДЫ

Осы ескертулердің барлығы жергілікті экологтар тарапынан да бірнеше рет айтылып жүрді. Біздің газетіміздің өткен санында («АЖ» №36, «Жизнь над суперразломом») академик Муфтах ДИАРОВ Теңіздегі сейсмикалық қауіптілік туралы еске салған еді. Шикі газды кері айдау технологиясының  Теңізді құртатындығын «Каспий табиғаты» ҮЕҰ жетекшісі Махамбет ХАКИМОВ бірнеше рет мәлімдеген болатын. Көптеген қазақстандық мамандардың пікірінше, топырақ қабатына суды айдау барысында мұнайды шығару коэффициенті газды айдауға қарағанда барынша жоғары және барлық жағдайда да бұл әдіс мейлінше қауіпсіз және сенімді, ол әлемдік тәжірибеде де дәлелденген. ҚОҚМ экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВТІҢ Жайық-Каспий Орхусс орталығының жазбаша сауалнамасына таяуда берген жауабында атыраулықтардың жұртшылық тыңдауында ТШО-дан жауабын алмаған сауалдары мен ескертулері мемлекеттік сараптама жүргізу барысында ескерілді делінген.

 

ҚАЙТА ЖАСАҚТАҢЫЗДАР

ҚОҚМ сараптамашыларының қорытындысын осы жылдың жаз айының басында ұсынылған ККЖ-на қазақстандық тараптан қойылған талаптардан жеке қарау мүмкін бе? «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сол кезде біздің сауалымызға сараң жауап берді: «ККЖ қарау барысында келісім-шартты және содан кейінгі кезеңдегі тараптардың мүдделері қаперге алынады, сондай-ақ, қазақстандық үлеске ерекше назар аударылатын болады... Осы жобаға қатысты келісілген шешім үстіміздегі жылдың аяғына қарай қабылданатын болады». Атырауға келген сапарында қор басшысы Өмірзақ ШӨКЕЕВ «кен орны инвесторлармен арадағы келісім-шарттар әрекеті кезінде ғана емес, ол аяқталғаннан соң да халық игілігіне жұмыс істеуге тиісті» деп мәлімдеді.

ҚОҚМ сарапшылары қандай шешімге келмек?

ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің №51-бабы, 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік сараптаманың теріс қорытындысы барысында тапсырыс беруші сараптама қорытындысындағы ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес ұсынылған материалдарды қайта жасақтап және оларды қайта сараптамаға ұсыну керек немесе көздеген қызметінен бас тартуы тиіс.

Жобаға қойылған ескертудің сипатына қарағанда ол енді қайта жасақталуы тиіс. Ал бұл ТШО тарапынан жаңа мерзімді белгілеуді және қосымша шығындарды қажет етеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 қыркүйек 2012, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.