Атырау, 23 қараша 21:24
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Село сенімді ақтап отыр

2 898 просмотра

7 қыркүйекте облыстық басқарма бастықтары, аудан әкімдері және басқа да шенеуніктер Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ басшылығымен Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданының бізбен шекаралас орналасқан Тайпақ селолық округінде болып қайтты.

 

БІРІНШІ МӘСЕЛЕ - МАЛ САТЫП АЛУ

Бұл сапардың мақсаты – «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында тәжірибе алмастыру (селолық кәсіпкерлікті шағын несиелеу) және пішен мен мал азығын сатып алу жөніндегі меморандумға қол қою болды. Бастапқыда Махамбет ауданының аумағында Дүйсембаевқа көкөністерді жинау науқаны қызу жүріп жатқан «Райхан» шаруа қожалығының көрсеткіштерін ұсынды.

Ақжайық ауданына ат басын бұрған атыраулықтарды Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол САЛЫҚОВ бастаған делегация қарсы алды. Олардың құрамы да облыстық ауылшаруашылық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының бастықтарынан, Ақжайық, Бөкей орда, Жаңақала және Қаратөбе аудандарының әкімдерінен құралған. Тайпақ селосында өткен семинар-мәжілістің ресми бөлімінен соң атыраулық шенеуніктер өздерінің оралдық әріптестерінен селолық шағын несиелерді беру үдерістерімен танысты.

Оралдықтардың бұл тұрғыдан алғанда мақтануға тұрарлық жұмыстары бар. Егер біздің облысымызда селодағы кәсіпкерлікті дамытуға үстіміздегі жылдың басынан шамамен, 400 млн теңге бөлінген болса, БҚО-да 3,1 млрд теңгеден жоғары қаржы бөлінген, оның бүгінгі күні 2,8 млрд теңгесі игерілген. 

Талқылау барысында белгілі болғанындай, атыраулық және оралдық шенеуніктер мемлекеттік шағын несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру барысында бір ғана мәселеге тіреле берді және оның нәтижесінде бір-біріне ұқсас үдерістер жасақтады.  Мәселен, жеңілдікпен берілетін несиені кепілзатпен қамтамасыз етудің орнына екі облыста да ынтымақтастық жүйесі қабылданған, яғни, кәсіпкерлер несиелік серіктестікке бірігеді де бір-бірін сақтандырады. Ал айтарлықтай айырмашылық бәрінен бұрын несиелерді тағайындауда болып табылады. Егер атыраулық кәсіпкерлер селода шаштараз, наубайхана, монша және басқа да қызмет көрсету кәсіпорындарын ашуға ақша алса, оралдықтар көбіне мал сатып алады. Бұл, әрине, БҚО-ның мал шаруашылығын дамытуға климаттық жағдайының қолайлылығына байланысты.

 

ХАЛЫҚ ОРТАСЫНДА ЖҮР!

Атыраулық шенеуніктер, олардың айтуынша, кәсіпкерлерге қалыпты жұмыс істеуге кедергі келтіретін тексеруші органдардың жиі-жиі болатын тексерістерін маңызды проблема деп атады. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Қазыбек ӘЛІШЕВ шағын несиелеудің ең жоғары мөлшерін 5 млн теңгеге дейін (бүгінгі күні ол 3 млн теңгені құрайды) көбейту жөніндегі ұсынысын әріптестерінен қолдауды сұрады. Алайда, олар қолдаудан бас тартты: аз болсын, бірақ, жиі берілсін.

Таяу уақытқа дейін БҚО әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған Дүйсембаев атыраулық шенеуніктерді «халық арасына баруға» шақырды: 

– Жыл басында біздің…– деп сөзін бастаған облыс әкімінің орынбасары өз сөзін лезде түзетіп, - Батыс Қазақстан облысы үшін шағын несиелеуге 1,5 млрд теңге бөлінді. Бірақ, біз тағы да сұрап, нәтижесінде барлық еліміз үшін қарастырылған қаржының 25% алып, оны БҚО игерді. Кабинеттегі жұмысты тастап, халық арасына бару керек.Ауылдарда әлі күнге дейін бұл бағдарлама туралы бәрі біле бермейді, оларға бұл ақпараттар жеткен жоқ. Және оның сұрауын да қатаң бақылауға алу керек. Бұл кері қайтарылатын бюджет қаржысы. (Тағы да «бұрынғысына» ұқсап) Несие алған туысқандар, мәселен, бір-бірінен мал сатып алған фактілер немесе Зеленов ауданындағыдай түгел аудандағы селолықтарды шағын несиелеуге арналған барлық қаржыны - 160 млн теңгені бір несиелік серіктестіктің алғысы келгені белгілі. Сондай-ақ, несиелерді сақтандыру мәселесін де ойлап қойған жөн. Мәселен, мал ұрланған немесе несие алушының өлімі секілді жағдайлар орын алуы мүмкін. Бұл мәселелерге аудан әкімдері жауап береді.

 

БӘРІН ӨЗДЕРІ ТЫНДЫРЫП ЖАТЫР

Дүйсембаевтың пікірінше, Атырау облысында селолық кәсіпкерліктің нашар дамуы, біздің адамдарымыздың вахталық әдіспен жұмыс жасап, жоғары еңбекақы алып үйренгендігіне байланысты. Бұл әсіресе, мұнайлы Жылыой және Мақат аудандарының тұрғындарына қатысты:

– Алдағы болатын үлкен қысқартуларды ескеру керек (Қашаған жобасындағы), сол кезде 20 мыңға дейін қызметкер жұмыстан босатылады, оның ішінде атыраулықтар да, оралдықтар да бар. Бұрын қалай болды: 13 адам Қарашығанақтан босатылса, Теңіздегі екінші деңгейлі зауыт құрылысы басталды, одан кейін Қашаған іске қосылды. Енді ондай болмайды, сондықтан да адамдарға шағын болса да өз бизнестерімен айналысуға мүмкіндік беру керек.

Тараптар меморандумға  қол қойды, оның аясында БҚО Атырау облысына, Дүйсембаевтың айтуынша, қажетті деген 29 мың тоннаның орнына біздің селолықтарға шекаралық аудандарда пішен дайындауға мүмкіндік бере отырып, 6 мың тонна пішен сатпақ. Бұдан басқа, БҚО-нан бір келісі 40 теңгеден 1,5 мың тонна мал азығы сатып алынатын болады. Селолық шенеуніктер кейін сахна сыртында оның нарықтық баға екендігі туралы сыбырласты.

Дүйсембаевтың айтуынша, облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ тапсыр-масы бойынша, Атырау облы-сы аудандарының ауыл шаруа-шылығын өндірушілерге көмек ретінде жанар-жағармай және транспорттық шығындары үшін бюджеттен 195 млн теңге бөлінген.

Сапар соңына қарай атыраулықтарға шағын несиеге ашылған бірнеше  кәсіпорындарды көрсетті. Олар жекелей алғанда, тұрғын үй құрылысына арналған қамыс қабырғаларды шығаратын және ағаш өңдеу цехтары(төмендегі суретте). Қай жерге барсаң да жұмыстың бәрін селолықтардың өздері жасап жатыр.  Ал бізде әдетте, ондай жұмыстарға, көбіне келімсек өзбектер мен қарақалпақтар тартылады ғой. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

12 қыркүйек 2012, 23:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.