Атырау, 24 қараша 12:31
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бас прокурор кімді меңзеді?

2 982 просмотра

ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзінше билік ету» деп аталатын 327-бабының 3-тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған бұрынғы Атырау әкімі және облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ қай жерде екендігі әзірге белгісіз. Естеріңізге салсақ, жергілікті партия активінде сөйлеген сөзінде Асхат ДАУЫЛБАЕВ: «Менің атымнан Жоғарғы сотқа қарсылық жолданды, сот осы іс бойынша әділ әрі заңды шешім шығарады деп ойлаймын» деп мәлімдеген еді.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Владимир ПАК.ҚР Жоғарғы сотының БАҚ және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Анжела ХАННЫҢайтуынша, қадағалау инстанциясындағы істі қарау үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегіне тағайындалса да, Жоғарғы сотта шешім әлі қабылданбаған.

«Ақ Жайық» газеті Нақпаевтың қазір қайда екенін анықтауға тырысқан еді. Бас прокурор біздің болжамымызды растағандай («Экс-әкім үйқамақта» жарияланымын қараңыз), ел президентіне жазған хаттарында Атырау облысының әкімдігіндегі ауқымды сыбайлас жемқорлық мен мемлекет меншігін ұрлау фактілері туралы мәлімдеген ол осылайша Б. РЫСҚАЛИЕВТЫҢ отставкаға кетуіне әкелген прокурорлық тексерудің жүргізілуіне бастамашы болған.

Біз сол кезде жазғанымыздай, шілде айында Нақпаевты Атырау колониясынан оның өмірі үшін қауіптенгендіктен Астанаға этаппен жіберген. Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің бастығы Ғалымжан ХАСЕНОВҚА телефон арқылы хабарласқанымызда, ол астаналық ІІМ түзету мекемелерінде оның жоқ екендігін хабарлап, басқа ведомостволардан іздеңдер дегенді айтты.  

Жергілікті құқыққорғау органдарындағы дереккөзіміз шілде айының ортасында сотталушы Нақпаевтың шынымен де этаппен жіберілгендігін, бірақ ақмолалық ІІМ колониясында емес, Астана ҰҚКД-нің тергеу изоляторында екендігін хабарлады. Бұған себеп - Астаналық комитеттегілерде одан кез-келген уақытта жауап алуға мүмкіндік болу үшін «қылмыстық іс бойынша қажеттілік» болып отыр. Біз ҰҚК-нен бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Нақпаев әлі күнге дейін изоляторда жатыр ма әлде бас прокурордың қарсылығынан кейін оған (бәлкім, жасырын) тергеуге көмектескені үшін бұлтартпау шаралары қолданылды ма деген ақпаратты ала алмадық.  

Бас прокурор сөз еткен («Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында» атты жарияланымды қараңыз) басты кейіпкерге - аффилирленген компаниялары Атыраудағы тендердің бәрін дерлік ұтқан әлдебір кәсіпкерге келер болсақ, облыстық әкімдіктегі дереккөздер облыстық мәслихат депутаты Владимир ПАК туралы айтылып отыр деп сенімді түрде растады (білетін адамдар бұрын жеке бас куәлігін өзгерткенге дейін оның есімі Вадим болды, сондықтан да көпшілігі шатыстырады деседі). «УС-99» ЖШС-нің және басқа фирмалардың ( «АтырауИнждорстрой» ЖШС, «МұнайҚұрылыСервис ЛТД» ЖШС, «Атырау-Полимерстрой» ЖШС және т.б.) меншік иесі де сол. Бас прокурор айтып өткен «Атыраустройпроект» ЖШС-де оның әйелі жұмыс істейді екен.

Владимир (Вадим) Пак кәсіпкер Рүстем АЛИБАКАСОВТЫҢ жақын досы,Б. РЫСҚАЛИЕВТЫҢ күйеу баласы (оның қарындасының күйеуі). Сөйтіп достар соңғы жылдардағы негізгі ірі тендерлерді өзара бөлісіпті.

Бергей Рысқалиевтың және оның ағасы «Ақ Жол» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ қай жерде екендігі жөнінде оның айналасындағы адамдар екеуінің де ел ішінде екенін ғана хабарлайды. Еркіндікте жүр ме, ұсталды ма әлде үйқамақта отыр ма – бұл туралы құқыққорғау органдарындағы ресми тұлғалар бұрынғыша «ештеңе білмейді». Танымал ағайындыларды қолдаушыларды да, қарсыластарын да ығыр қылып жіберген осынау «жасырынбақ ойынның» қанша уақытқа созылатындығы күш құрылымдарына емес, жоғарғы саяси топтарға байланысты екендігі аян.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 қыркүйек 2012, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.