Атырау, 24 қараша 20:50
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жұлымы шыққан жертөлелер

2 923 просмотра

Бір жыл толмай-ақ Нұрсаядағы жертөлелердің тұрбаларынан су ағып, құрылыс жүргізіп жатқан «Құрманқұрылыс», «Снабойл», «МұнайҚұрылысСервис» компанияларының меншік құқығына тиесілі цокольды қабаттар суға толды. Жергілікті ПИК қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВКЕ кепілдік бойынша кемшіліктерді жоюға міндетті құрылыс салушыға қатысты шағыммен шықты. Бұл жердегі су құбыры мен кәріз жүйесі қытайлық сападағы металл тұрбалардан салынған. Сондықтан үйлердің бірінің жертөлесіндегі жаз бойына кеуіп қалған «хауыздан» ашық-қызғылт сары іздерді көргенде таң қалған жоқпын. Атырау жертөлелеріне тән сасық иіске де таңданбадым. Ылғал болғандықтан қабырғаларды қара зең басқан.

Иә, дәл солай, – деп келісе бас изеді «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Әлем УАЛИЕВ. – Тұрбалар таттанып кеткен, көптен бері су кетіп тұр. Ал үйдің өзі өткен жылдың желтоқсан айында тапсырылды ғой.

Кез-келген өлшем бойынша бұлар жаңа үйлер, бірақ әжептәуір ескі көрінеді. Әсіресе, сыртқы келбеті кейіпсіз. Әрленген қабаты түсіп қалған, әр жерде сылақ қабатына терең жарықшақтар түсіпті.

Бұған комиссиямен келген қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТЫҢ көзі жетіпті.

Сол кезде мердігерлер де қатысты. Мен оларға қаншама рет шығып, олардың кепілдік міндеттемелері туралы естеріне салдым, бірақ олар еш елең етпеді, бірақ әкім орынбасарының тапсырмасына олар бей-жай қарай алмайды деп үміттенемін, - деді Уәлиев. – Нұрлығожиев қысқа мерзімде кемшіліктерді жоюға тапсырма берді.

Мен белгілі бір уақыт бердім, нақты мерзімді белгіледім,  енді 15 қыркүйекке қарай жұмыстардың атқарылуын өзім тексеретін боламын, мердігерлер барлық кемшіліктерді жояды, - деп комментарий берді әкім орынбасары Нұрлығожиев телефон арқылы.

– Ал кезінде кемшіліктері бар үйлер жалпы қалай қабылданып алынған? 

– Шүмектің жапқышы, вентильдер, канализациялық тығындардың болмауы - бұлар ұсақ-түйек нәрселер ғой... Бастысы кепілдік бар, ол өз күшінде, содан соң жұмыстар да басталып кетті.

Сапасын айтпағанның өзінде, құрылыс нормалары мен ережелері бойынша тиісті диаметрден кіші тұрбаны қолдануды кемшілікке жатқызуға бола ма (жарты жыл өткеннен кейін пайдасыз боп қалады)? Алайда коммуналдық блоктарды қала қабылдап алды, өз басым ең үлкен кооперативке - осындай «салындылары» бар 53 үйге қызмет көрсететін үй басқарушысына қызықпаймын. Дегенмен, олардың бәріне бірдей бас ауырта бермейміз: олардың бірінің цокольды қабаты супермаркетке берілген, бесеуін құрылыс салушыдан балабақшалар үшін қала сатып алды, тағы біріне ПИК орналасса, бірін кафе жалға алған, енді бірінде мейрамхана бар.

Егер меншік иесі басқа үйлердің де цокольды қабаттарын игерген болса, бізге анағұрлым тыныш болар еді. Ол жерде біздің бүкіл коммуникациямыз бар. Әйтпесе әлдебір бұзықтар тұрбаны немесе әлсіз вентильді тебетін болса, тағы да су басады, - дейді Уәлиев. – Ал орынжайға қызығушылық танытушылар бар, бізге, мәселен, жас дипломаттар мектебінің өкілдері келді, олар өз есептерінен күйі кеткен орынжайларды қалпына келтіріп, жалға алуға дайын. Қалалық спорт бөлімі де спорт залы ретінде жалға алуға дайын отыр. Меншік иесі осы ұсыныстарды неге пайдаланбай отырғанын білмеймін...

Әзірге кейбір жертөлелердің есіктерінде құлып жоқ, кей жерлердің әйнектері сынған, кейбірінің терезесі айқара ашық қалған. Құлыптардың еш қажеті жоқ, олар бомждардың, ұрылар мен сол маңдағы бала-шағаның сүйікті орнына айналған.

Бұл жерден қолға іліккен заттарды - бүкіл жылу батареяларын, вентильдерді, канализациялық тығындардың бәрін алып кеткеніне таң қалуға болмайды

Бұл жертөлелер біздің меншігіміз емес, оларға бақылау жасауға біз міндетті емеспіз, тіпті біздің оған қақымыз да жоқ,- деп түсіндіреді ПИК төрағасы.

Құрылыс салушыға артықшылық ретінде көпқабатты үйлердің жертөлелері жеке меншікке берілген түсініксіз сызба өзінің жағымсыз нәтижесін әкеле бастады. Енді олар іс жүзінде осы үйлердің коммуникацияларының қожайындары боп табылады. Осы үйлердің меншік иелерінің пәтерлерінде апат орын алған жағдайда оларды заңға негізделген түрде өз коммуникацияларына жақындатпауы мүмкін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

 

 

 

 

 

5 қыркүйек 2012, 23:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.