Атырау, 26 желтоқсан 23:38
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Техникалық алаңдар балабақшаға жарамды ма?

2 491 просмотра

Нұрсаядағы жаңа құрылыстардың цокольды қабаттарында қалалық білім беру бөлімінің тапсырысы бойынша техникалық алаңдарды балабақшаларға қайта жабдықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бес шағын балабақша (оларды салып жатқан облысқа танымал Снабойлдың еншілес компанияларының бірі) 318 бала қабылдай алады. Жобаға сәйкес, бұл бақшаларда бір сәбиге 2 шаршы метр алаңнан қарастырылған.

Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Келісім-шарт бойынша тапсыру мерзімі желтоқсанда, алайда құрылысшылардың  тұрмыстық бөлмелерінде ілінген кестеде олар бүкіл бес объектіні қазан айында тапсыруы тиіс деп жазылған. Бәрі де қаржыландыруға байланысты болғасын (Снабойл – бюджет қаржыларын ұрлауға қатысты бас прокуратура тексеріп жатқан компаниялардың бірі), бұл енді белгісіз болып отыр.

– Жуырда қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ комиссиямен келіп, қол ұшын беруге уәде берді, – дейді учаске бастығы Юрий ВЛАСОВ. – Қалаға балабақшалар керек қой.

Техникалық тұрғыда бәрі де көңілге қонымды – техникалық ғимараттар қосымша жылу өткізбейтін қабаттармен жабдықталған, жылу радиаторлары термореттегіштермен жарақталған (мұны мердігер мақтан тұтады), едендері жылытылып,  балабақшалар алдындағы алаңқайдың енін жобада бекітілген 6 метрден 13 метрге дейін көбейткен, оларды ойын алаңдарымен, құмсалғыштармен, төбешік-әткеншектермен... жарақтауға уәде беріп отыр. Алайда балабақшаның техникалық ғимаратта орналасуы дұрыс па деген көмескі күдік бой көтереді. 

– Дұрыс инженерлік жүйелер болса,  өте жақсы, - деп жауап береді 40 жылдық өтілі бар құрылысшы Власов. – Бізге дейін бұл жерде не болғанын сіздер көрген жоқсыздар ғой.  

Ол менің ту сыртыма қарай көз тікті, бұрылсам – сумен қамту стояктарының тұрбаларына қарап тұр екен (жергілікті ПИК ғимараттарының бірінің тұрмыстық бөлмесі). Темір тұрбалардың таттары сырлаған бояуының сыртына шығып тұр, дәнекерлеген жігінен көптен су аққаны байқалады.

Біздің балабақшалардың барлығында осылай болды, біз бәрін, осындай сападағы тұрбаларды ауыстырдық, оларды майыстырып бұрауға болады.

–Мен осы ықшамауданның басқа цокольды ғимаратта-рында болдым, ол жерде бүкіл желілер төбемен жүргізілген, мұның талаптарға сай екенді-гіне күмәндімін. Нормалар бойынша осы тұрбалардың барлығы төменде, сыртқы қабырғалардың бойында болуы тиіс секілді ғой.

– Сондықтан біз өз объектілеріміздегі бүкіл желілерді төменге ауыстырдық, енді қауіпсіздік және қызмет көрсету тұрғысынан бәрі нормаға сай.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА,

Суретті түсірген автор

5 қыркүйек 2012, 23:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.