Атырау, 24 қараша 20:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралмандардан үйренейік!

2 342 просмотра

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында селода кәсіпкерлікті несиелеу үлкен сұранысқа ие бола бастады. Тиімді шарттармен несие алуға 80 адам тапсырыс беріп үлгерді. Түрлі салалы бизнес-жобалардың ішінен несиелік бағалау комиссиясы ең қызықты дегенін таңдап алатын болады. Таңдауға ие болған жобалар ғана өз істерін дамытуға несие ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарлама селодағы немесе қала маңындағы селолық округтардағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бұл несиені селолық бизнесті дамытуды көздеген қалалықтар да рәсімдей алады. Несиенің жоғары мөлшері - 3 млн теңге,  жылдық 6%  мөлшерлемемен 5 жыл мерзімге беріледі.

Несиені жеңілдік кезеңде мерзімін ұзартып төлеу қарастырылады, яғни, несие алушы несие бойынша тек сыйақы мөлшерлемесін ғана төлейтін болады. Осы бағдарлама бойынша берілетін несие сауда саласында бизнесті ұйымдастыруға, жылжымайтын мүлікті сатып алу және алдыңғы алынған несиелерді өтеу үшін берілмейді. 

Өткен жылы шағын несие алған 40 кәсіпкер өз бизнестерін сәтті бастап, жеңілдік кезеңі біткен күннен бері қарыздарын өтей бастады.

- Осы бағдарламаның арқасында қала маңында орналасқан поселкелерде бұрын болып көрмеген  бірден бес қоғамдық монша пайда болды,- дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр ҚҰСПАНОВА.  - Тігін цехтары ашыла бастады. Ауылшаруашылығын дамытуға көптеген несиелер алынды. Селоларда тамшылатып суару жүйесі бар жылыжайлар пайда бола бастады.

Биылғы жылы селода шағын несиелеу бағдарламасына тек Атырау қаласы шеңберінде мемлекеттік қазына 80 млн теңге бөлді. Алғашқы 76% немесе 60 млн 800 мың теңге қаржы несие алушылар үшін бөліне бастады. Екінші қаржы (қалған 19 млн 200 мың теңге) қарашада бөлінетін болады.

- Өткен жылғы селолық кәсіпкерлерді несиелеу тәжірибесін талдай отырып және несиенің осы түріне үлкен сұраныстың бар екендігін ескере отырып, несиелерді рәсімдеумен айналысатын несиелік серіктестік биылғы жылы несие алушыларды таңдауға барынша қатаң  қарауды көздеп отыр. Айталық, несиені өз бизнестерін жалға алған ғимараттарда  ашуды жоспарлаған кәсіпкерлер ала алмайды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтарына және өз өнімдерін шығарушы жобаларға басымдық беріледі, - деп түсіндірді Г.Құспанова. 

«Атырау» несиелік серіктестік мамандары бірнеше қызықты жобаларды  атап өтті. Олар тор-рабица шығаратын, бүгінгі күні құрылыста үлкен сұранысқа ие болған пенопласт шығару цехтары. Ауыл шаруашылығын дамытуға ниет білдірушілердің саны артып отыр.

- Мал сатып алуға қаржы сұрағандар саны көп болды. Олардың ішінде сүтті ешкі малын сатып алуды жоспарлаған шаруа қожалығы да бар. Егер барлығы ойдағыдай шешілсе, онда қала дүкендерінің сөресінде қоректік қасиеті мол ешкі сүті  пайда болады, - дейді «Атырау» несие серіктестігіндегілер.

Қызықты жайт. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға несиені негізінен оралмандар алуда. Байырғы тұрғындар болса,   қаржыны сауна, КЖО, жолаушылар көлігін алуға жұмсайды. Ауыл шаруашылығын дамыту барысындағы  кейбір салалар кемшін қалуда. Мәселен, Атырау селолық округінде бірде-бір ветеринарлық емхана жоқ.

Бұл бағдарламаның тағы бір жақсы жағы сол - несие алушылар өз жұмыстарын жүргізіп қана қоймайды, өз туысқандары мен жақындарын жұмыспен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер арасында жұмыспен қамту орталығынан жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырғандар да бар. 

Тамара СУХОМЛИНОВА

5 қыркүйек 2012, 21:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.