Атырау, 27 желтоқсан 01:29
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жаңа «мұз» құтты болсын!

4 327 просмотра

Атырауға маусымдық үзілістен кейін «Бейбарыс» хоккей командасы оралды. Алда қарқынды жаттығулар мен алдағы ойын маусымына дайындық жұмыстары күтіп тұр.  Хоккейшілер келуге бірнеше күн қалғанда Мұз сарайына аяқ бастық. Бұл жерде жұмыстар қайнап жатыр екен. 

Бүкіл жаз бойы Мұз сарайының есігі Атырау тұрғындары мен меймандары үшін жабық болды. Өйткені, жаңа мұзды жаңа маусымға дайындап жатқан еді.

Сырғанақтағы бүкіл мұз ерітіліп, су арнайы науалар арқылы төгілді. Осыдан кейін мұз құйылатын бетон плитаны шаң мен ластан мұқият шайып тазалау үшін еден жуушылар іске кірісті. Болашақ мұз жабынының сапасы көбінесе осы плитаның тазалығына байланысты болады. Сондай-ақ, сарайдың бүкіл тоңазытқыш жабдықтарын тексеріп, тазалап шықты.

Біз сарайға келген уақытта ең маңызды жұмыстардың бірі – сырғанаққа мұз құйылып жатқан еді.

Тоңазыту жабдығының аға шебері Мұрат ЖҮСІПОВ (суретте) құю технологиясы туралы әңгімеледі:

- Құю жұмыстары басталған-ға дейін үш күн бұрын ауаны салқындату жүйесі іске қосылды. Ол бұл жердегі температураны +6 градусқа дейін төмендетті. Содан соң бетон плитаны салқындату басталды, оған 13 градус нөлден төмен температурада мұз құйылады.

Айнала ауаға толып, плита да қажетті температураға дейін салқындағанда ең қызықты процесс басталады. Шлангтер арқылы плита суға толтырылып, салқындатылады. Осылайша болашақ мұз айдынының небары 2-3 мм қалыңдығы бар алғашқы қабаты пайда болады. Шамамен екі сағаттан кейін алғашқы қабаты құйылғасын мұз түбінен қатып, су құю жұмыстары қайта жалғасады.  Айтпақшы, әрбір жаңа қабаты ыстық сумен толтырылады. 

- Мұз айдынына ыстық су құярда мұз қалыбы өте тығыз болып қатайып, мықты болады, -деп нақтылады М. Жүсіпов, - Біздің айдынның алаңы 1800 шаршы метрді құрайды. Айдынға су құю үшін 40 тонна су қажет. Барлық су тыңғылықты сүзіледі.

Одан кейін мұз қабатының қалыңдығы 2 сантимерге жеткенде мұзға таңба салынады. Әрі қарай процеске су құятын машинасы іске қосылады. Бұл кішігірім агрегат бір уақытта бірден үш қызметті атқарады. Жоспарлы түрде айдынның бетіне келесі су мөлшерін құяды. Арнайы ұстараның жүзімен мұз бетіндегі кедір-бұдыр тұстарын кесіп, «орамалмен» сүрткендей бетін тегістейді. Осы машинаның арқасында алдындағы мұз мінсіз түзу, тегіс және жылтыр болып шыға келеді. Біздің келген сәтімізде мұз айдынының қызметкерлері мұз қабатын 3 см-ге көтерген болатын. Енді оған қосымша мұзды 2 см-ге көтеру жұмысы қалған. Суды мұз қабатының қалыбына дейін толтырған соң мұз аренасындағы температурасы – 5-7 градусты ұстап тұрады.

- Бұл мұзың сақталуы үшін ең таптырмайтын температура болып есептеледі. Осы температурада шайбы жақсы тайғанайды, - деді мұз сарайының мамандары біз кетіп бара жатқанда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 тамыз 2012, 00:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.