Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Қыркүйекте газ болмайды

950 просмотра

Қыркүйек айының 26-нан 29-на дейін қаланың сол жақ жағалауында (Бұхар жақ беті) және 26 қыркүйектен 1-ші қазанға дейін  оң жақ жағалауда (Самар жақ беті) жоспарлы түрде газдың берілуі тоқтатылады.

Алдымен бұл жұмыстар қыркүйектің 18-нен 30-на дейін Махамбет,  Исатай, Құрманғазы аудандарының аумағында, Доссор поселкесі және Атырау қаласында жүргізіледі деп жоспарланған болатын.

«Алайда бұл жұмыстар барынша қысқа мерзімде жүргізілуі керек деген шешімге келіп, оған Ақтау, Орал және Ақтөбеден қосымша  дәнекерлеу-монтаждау бригадалары тартылатын болады», – делінген «Атырау» магистралды газ құбырлары басқармасының директоры Байрам ТҰРСЫНБАЕВТЫҢ қолы қойылған жауап хатта.

«Атырау» МГБ және  «Интергаз – Орталық Азия» АҚ  түсіндіргендей, 2011 жылы газ құбырының жекеленген ақаулы тұрбаларын ауыстыру қажеттілігін көрсеткен ішкі құбырлы диагностика жүргізілген екен. Қыркүйек айының екінші жартысына жоспарланған газды қалаға және облысқа беруді уақытша  тоқтату «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбыры, сондай-ақ көршілес мемлекеттер – Ресей, Өзбекстан және Түркменстандағы осындай жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты екен. Естеріңізге сала кетейік, «Мақат – Солтүстік Кавказ» және «Орта  Азия – Орталық» газ құбырлары бойынша Орта Азиядан Ресейге газ тасымалдау жүзеге асырылмақ. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 тамыз 2012, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.