Атырау, 26 желтоқсан 18:39
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Желкеден қысты

2 672 просмотра

«Атырау Су Арнасы» КМК қызметкерлері үш жыл бойынаәрбір абонентке су есептегіш құралдарды  орнату қажеттілігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп келді. Енді АСА сөзден іске көшті. Су есептегіш құралдары жоқ 200-ден аса  абоненттер тұрбаның толық жіберу қабілеттілігіне қарай есептелген судың есепшотын алды. «АЖ» бұл есептеулердің қалай жүргізілетіндігін және есептегіш құрал алып үлгермегендердің су үшін шектен тыс есептелген мөлшерлерін қайдан алып отырғандығын зерттеп көрді. 

Бүгінгі таңда «Атырау Су Арнасы» КМК  76 мың  жеке тұлғаларды қамтамасыз етіп  отыр. Абоненттердің  26% -ында су есептегіштер орнатылмаған.

Сонымен есептеу сызбасы мынадай: диаметрі 15 мм құбыр секундына бір метр жылдамдықта 0,0002 текше метр суды өткізеді, алынған цифрды тәуліктегі секундтар санына жай ғана көбейте салады, сөйтіп – 17,28  текше метрге тең болады. Демек, Агенттік су есептегішті қондыруды қаламайтын адамдар тұратын пәтерде шүмек тәулік бойына ашық тұрады деп есептейді. Айлық тұтыну көлемі есептеу барысында   518,4 текше метрді құрайды. Бұл көлемді 32, 48 теңгеге (есептегіш орнатпағандарға тариф бірдей) көбейтіп, төлейтін ақыны шығарып аламыз, ол – 16 837 теңге болады.

Мұндай есеп су есептегішті орнату кезеңінен бастап АСА мамандары есептегіш құралға пломба салған сәтке дейін жүргізіледі. Демек, құбырдың өткізу қабілеттілігі бойынша төлемақы төлеу тікелей абоненттің өзіне, яғни оның есептегішті тез орнатуына байланысты болады.

Бұл әдістің тиімділігі бар екен. Әдетте, тұтынған суды құбырдың өткізу қабілеттілігі бойынша төлемақы есепшотын алған абонент шұғыл есептегіш орнатуға кіріседі.

Бүгінгі күні есептегіші бар абоненттерге 1 текше метр үшін 32,48 теңге тарифі белгіленген. Бір адамға  тәулігіне суды тұтыну нормасы – 210  литр (абаттандырылған үйлер үшін). Көптеген абоненттер үшін бұл тиімді, бірақ бұл әзірге АСА құбырдың өткізу қабілеттілігі

бойынша есепті ұсынбағанға дейін тең болады.  Есептегіштерді орнату қажеттілігі, сондай-ақ, оларды абонент есебінен сатып алу және орнату  ҚР табиғи монополиялар және реттеуші нарықтар туралы заңның 11-бабында көрсетілген. Су есептегіш құралдарын қондыруға кедергі болып отырған тұлғалар үшін суды тұтынуды құбыр диаметрі бойынша есептеу әдістемесін  өткен жылдың қыркүйегінде ҚР құрылыс  және ТКШ істері жөніндегі агенттік төрағасы бекіткен болатын.

Мұның бәрі заңды да. Алайда, адамдар қалай болғанда да тәулік бойына шүмекті ашып қоймайтындығы анық. ТКШ жөніндегі агенттік төрағасының айтқанындай, бастысы - көздеген мақсатқа жетіп, адамдарды есептегіш құралдарын орнатуға мәжбүрлеу. АСА қалай болғанда да барлық тұтынушыларының тез арада  есептегіш орнатуына қол жеткізетін шығар. 

Тамара СУХОМЛИНОВА

22 тамыз 2012, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.