Атырау, 26 желтоқсан 12:43
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балық техникумының есігі ашық

2 674 просмотра

Өткен сенбі күні Атырау теңіз балық өнеркәсібі колледжі өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл оқу орнын – біздің бір кездері балықтан даңқы шыққан  қаламыздың тарихының бір бөлшегі деуге болады. Бір таңғаларлығы,  ол сақталып қалды, жекеленсе де  сол бұрынғы оқу базасы бар.

11 тамыз күні таңертеңнен бастап ескі, бірақ тап-таза болып ақталған балық техникумының ғимаратына (айтпақшы, бұл жерде соғыс кезінде әскери госпиталь болған) техникумды әр жылдарда бітірген түлектер ағыла бастады. Олардың көпшілігі Атырауға бірнеше жылдардан соң оралып отыр.

Бір курста оқыған Елена КОЛЕСНИКОВА және Айнагүл ТЕМІРТАШЕВА бір-бірін 20 жылдан аса уақыт көрмеген екен.

 - Мен осыдан 23 жыл бұрын өзімнің  туған жерім  Ростов облысына кеткен болатынмын. Бұл жерде мен ихтиолог мамандығына оқыдым, ал тәжірибеден Эстонияның Нарва қаласында өттім. Сол кездері техникумда Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жастар оқыды. Сырттан келген біздер жатақханада, енді бірі пәтерде тұрды. Жатақхананың бүгінгі күйінің нашарлығы   өкінішті, - дейді Е.Колесникова.

1978 жылғы технологиялық факультеттің түлегі, техникумның комсомол ұйымы хатшысының бұрынғы орынбасары Анатолий ХОН сол жылдарда студенттер 3 курстан соң ауыл шаруашылығы министрлігінің жолдамасымен Ригаға, Клайпедаға, Владивостокқа жүзу тәжірибесінен өтуге баратын, - дейді.

- Біздің матростар тәжірибені теңіз және мұхит кемелерінде өткізді, сөйтіп теңіз ісін үйренді. Сол кезде Каспийде оқыту базасы болған жоқ, тек Гурьев балық комбинаты үшін шабақтарды өндірді. Бүгінгі таңда біздің түлектер жолдамамен барған жерлерінде қалып, кейбірі  Литва, Латвия,  Камчаткада, Сахалинде, Кубаньда, Калининград облысында кәсіпорындарды басқарып отыр. Ол кездерде біздің техникум терең білім берді және таңдаулы оқу орындарының бірі болып есептелді.

Балық техникумының директоры Ғапар ТЕМІРӘЛИЕВ: әңгімелейді:

- Бізді жан-жақтан қысты деуге болады. Алғаш рет 1988 жылы одақтық «Каспрыба» тресі Гурьев және Махачкала балық техникумдарының түлектерін жұмысқа алудан бас тартқан болатын. Сол кезде мен Сахалин, Владивосток, Камчатканы аралап,  802 студенттің жұмысқа орналасқандығы жөнінде келісім-шарттарды алып келдім. Сөйтіп одақтың ауыл шаруашылығы министрлігі техникумды сақтап қалды. Екінші рет дағдарыс 1996 жылы Қазақстан бюджеттік мекеме қызметкерлеріне зейнетақы және еңбекақы төлей алмай жатқан кезде басталды. Сол жылдың желтоқсан айында балық және теміржол техникумының біріктірілуі  жөнінде қаулы шықты. Бірақ, 3 ай өткеннен соң оларды қайтадан бөліп жіберді. Кейін балық техникумын өз базасымен бірге агротехникалық колледжге  қосып жіберді. Қазір балық техникумы қайтадан өзі бөлектеніп, жекеленді.

Оқу бөлімінің диспетчер-хатшысы Анна СМИРНОВАНЫҢ айтуынша, соңғы жылдары жастар арасында теңіз мамандарына деген қызығушылық артып келеді екен. Оның ішінде ол Қашаған жобасына байланысты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген  автор

16 тамыз 2012, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.