Атырау, 26 желтоқсан 12:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сізден де рұқсат сұрасын

1 873 просмотра

Егер біздің көппәтерлік үйіміздің арасына тақап, шулы мейрамхана немесе көлік жуатын орынның құрылысын бастамақ болса, біз құқығымызды талап ете аламыз ба?

ТАЛҚЫЛАУ КЕРЕК

Менің әріптестерімнің әрқайсысы өз тұрғын үйлерінің жанынан жаңа нысан құрылысының басталуымен Атырау қаласы тұрғындарының құқығын аяқ асты еткен  бірнеше мысалдарды келтіре алады. Біздегі дау-дамайдың  азаматтардың пайдасына шешілуі сирек болатын жағдай. Әдетте адамдар шулап көшеге шығып, өздерінің жоспарланбаған митингісіне БАҚ өкілдерін шақырады, сөйтіп, өз міндеттері орындалғандай мұрындарының астынан міңгірлей: «билікпен тайталасу пайдасыз, олардың құрығы ұзын» деп үйлеріне тарасады.

- Тұрғындардың құқығы құрылысқа рұқсат берілген кезеңнен бастап бұзылады. ҚР сәулет, қала құрылысы  және құрылыс қызметі туралы заңының 3-бабында былай делінген: «қалақұрылысы және сәулет-құрылыс құжаттары бекітілгенге дейін жеке және заңды тұлғалар талқылауларға қатысуға құқылы, қоғамдық және жеке мүдделерге қатысты қабылданған шешімдерді өзгерту жөнінде ұсыныс енгізе алады», - дейді Жайық-Каспий Орхусс орталығының директоры Шынар ІЗТІЛЕУОВА. – Аумақта құрылыс салу (қайта жоспарлау) жоспарлары туралы азаматтарды хабардар етуді БАҚ арқылы жергілікті әкімдіктер жүзеге асырады немесе қоғамдық талқылаулар, көрмелер мен  экспозиция өткізіледі. Және тек адамдардың келісімінен кейін ғана өкілетті орган шешім қабылдап, құрылысты бастайды.

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР БІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Талқылауға тұрғындардың өздері тікелей қатыса алады, бірақ, көбіне уақыттарының жоқтығы салдарынан олардың мүмкіндіктері болмай жатады. Мұндай жағдайда олар өз өкілдеріне өкілеттік құқық бере алады. Оларға бұл тұрғыда заңгерлер, ҮЕҰ және белсенді деген зейнеткерлер көмектесе алады. Шынар Ізтілеуованың пікірінше, адамдар бос уақыттары бар және тәжірибелі, оның үстіне қоғамға қандай да бір пайда келтіріп, өздерін қоғамға керек жан ретінде сезіне білуді қалайтын зейнеткерлердің шамасын бағаламай жатады. 

Биліктегілер барынша қарсылықтар аз болатын жолды таңдайды және сөз жүзіндегі тұрғындар өкілі ретінде ПИК төрағасын тартады. Оның барлық міндеті шын мәнінде болмаған жиналыстардың хаттамаларын толтырумен шектеледі. Дегенмен, ПИК төрағасы мұндай мәселелерді өз бетінше шеше де алмайды. Ол жалпы жиналыста кондоминиум қатысушыларының келісімін алуы керек. Егер тұрғындар оны өз ПИК төрағасы етіп сайлайтын болса, ПИК төрағасы кондоминиум мүшелерінің барлығын хабардар етуге тиісті: подъездер есігіне құлақтандыру іліп, газеттерге хабарландыру, теледидарға жүгіртпе жолдарға беруі тиіс. Олай болмаған жағдайда кез-келген тұрғын сотқа шағымдануы мүмкін.

ШУЛЫ КАФЕНІ ЖАПТЫ

Орхусс конвенциясына сәйкес, Жайық-Каспий экология департаменті жер учаскесін беру барысындағы толтырылатын құжаттарға қол қоймас бұрын жобаны талқылауға жұртшылықтың қатысқан - қатыспағандығын  тексеруге міндетті. Егер департамент мұны жасамаса, онда тұрғын министрлікке шағымдана алады және сотқа талап арыз бере алады.  Және әңгіменің қандай нысан жөнінде болып отырғандығы маңызды емес: жол, кафе, дүкен немесе тұрғын үй. Адамның өмір сүру ортасын өзгерту экология мәселесіне жатады. Тұрғындар табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына, табиғат қорғау прокуратурасына шағымдана алады.

- Мәселен, «Уют» ауданындағы үйлердің бірінің ауласына кафе салғылары келген. ПИК төрағасы тұрғындардың атынан құрылысқа рұқсат бере отырып, қолын қойған. Ал, ол жерде 4 үй және шағын ғана тұрғындардың көліктерін қоятын жер болды. Біздің орталықтың кеңесі бойынша тұрғындар Жайық-Каспий экология департаментіне осы құрылысты салғалы жатқан кәсіпкердің қоршаған ортаға зиянды әсер етуді (шу, көліктерден шығатын газ және т.б.) азайту үшін алынатын шаралар жоспарын ұсынғанын немесе ұсынбағандығын білу жөнінде сауалнама жолдады, - деп жалғастырады Шынар Ізтілеуова. – Ақыры әкімдік құрылыс жөніндегі шешімді бұзып, оның орнына әдеттегі азық-түлік дүкені  пайда болды. 

Жер учаскелерін және құрылысқа рұқсат берілген шешімдерді бұзу жөнінде сотта қаралған істердің жеңіске жеткендері саусақпен санарлық қана, ал, бұл компания және жеке тұлғалар үшін үлкен ақша, өйткені, өкілетті органдар мен құрылыс фирмаларын тығыз құрылыстары бар аудандарда орынды таңдауға барынша мұқият болуға мәжбүрлеу оңай шаруа емес. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 тамыз 2012, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.