Атырау, 11 қараша 01:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Қалам мен дәптер үйде қалады

5 186 просмотра

Жаңа оқу жылының басталуымен біздің облысымыздың 24 мектебі е-learning электронды оқыту жүйесіне бірте-бірте көшуді бастамақ.

МЕКТЕПКЕ БОС СӨМКЕМЕН

Жобаны жүзеге асыру екі кезеңге қарастырылған. Бірінші кезең 2011-2015 жылдар, екінші кезең – 2016-2020 жж. Өткен жылы электронды оқытуды пилоттық жоба ретінде Астананың, Алматының және Қарағандының 44 мектебіне енгізген еді. Міне, кезек басқа аймақтарға да келді. Оларға енді тағы да  еліміздің 537  мектебі қосылмақ. Ал 2020 жылға қарай білім беру министрлігі электронды оқытуға барлық мектептердің 90%-ын көшіруді жоспарлап отыр. 

Өз өмірлеріне енген жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды күнделікті әдетке айналдырған мектеп оқушылары мұны аса қызығушылықпен қабылдауда. Ал, олардың ата-аналары мен ұстаздары алаңдаулы. Шенеуніктердің айтулы болжамдарына қарамастан тәжірибе көрсеткендей, жаңа технологияны жүзеге асыруда мектепке  көптеген проблемалармен бетпе - бет келуге тура келеді.  Өйткені, қандай жаңашыл бастама болмасын оның өз қиындығы бар.

- Компьютерде ойын ойнаған бір басқа, тапсырмаларды орындап, тестіден өту бір басқа. Кенет бала басқа бір нүктені басып қойды делік, міне, енді нәтижесі де басқаша болып кетеді, - деп мазасызданады бірі 7, екіншісі 10 - сыныпта оқитын балалары бар Алмагүл МАҚПУЗОВА.

- Электронды оқытуға көшу барысында алдымен дайындық кезеңдері жүргізіледі, сол кезеңде мектептер барлық қажетті деген құрал-жабдықтармен жарақтандырылады. Барлық коммуникациялар жүргізіледі, – деп әңгімелейді облыстық білім беру департаменті бастығының орынбасары Злиха ДҮЙСЕКЕНОВА. – Жоба мектептерді кең  форматты, жылдамдығы 4-10 Мбит/с болатын интернетпен және толық оқу процесін автоматтандырумен қамтамасыз етуді қарастырады. Кітапхана, оқулықтар, күнделіктер және журналдар - осының барлығы электронды нұсқада болады. Мектептер интерактивті тақталармен, жаңа компьютерлермен, ноутбуктермен, планшеттермен жарақтандырылады. Планшеттер мектептегі ең басты компьютермен байланысты болады.

БАҒАНЫ ҒАЛАМТОРДАН-АҚ БІЛЕСІҢ

- Жаңа бағдарлама мектептерде жаңа мамандардың пайда болуына жол ашады. Енді біздің штатымызда электронды оқыту жөніндегі әкімші болады. Олар және мектеп  директорлары тренингтен көктемде өтті. Біздерді жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге үйретті, - дейді Кіші өнер академиясының директоры  Долорес ТАСҚАРИНА. – Енді барлық құжаттаманы: журналды, сабақ жоспарларын электронды форматта жүргізу үшін мұғалімдерді оқыту кезегі келді. Мұғалімдер компьютерде, балалар ноутбуктарда және планшеттерде жұмыс жасайды, үйлеріне кеткенде мектепке қалдырады.

-Балалар үй тапсырмасын қалай орындайды? –деп сұрадық біз Долорес Сүндетқызынан.

- Әзірге, оқулықтар бойынша.

Одан әрі бағдарламаны жасаушылар оқу материалдарының мұғалімдерге де балаларға да интернет арқылы тек мектепте ғана емес, үйде де танысуына болатындығын уәде етіп отыр. Бұл әсіресе, қандайма бір себептермен мектепке келмеген жағдайда жақсы. КӨА оқушылары үшін бұл тіптен өзекті деуге болады, өйткені олар түрлі елдерде шығармашылық конкурстарға жиі шығып тұрады. Сондай-ақ, бұл өткен жылдардағыдай ауа райының қолайсыздығына қарай мектептер жабылғанда немесе ауырып қалған жағдайда таптырмайтын жол.  Электронды жүйе ата-аналардың да өмірін жеңілдетпек. Көпшілік ата-ана өз балаларының үлгерімі мен тәртібін  білу үшін мектепке бара бермейді. Алға қарай ол мүлдем қажет те болмай қалады. Ата-аналар мектеп директорымен, ұстаздармен сөйлесе алады, интернет арқылы бағаларын көре алады. Ал мектеп әкімшілігі алда болатын ата-аналар жиналысы  және басқа да мәселелерге қатысты хабарландырып отырады.

- Жаңа жүйенің енгізілуіне орай мұғалімдердің жауапкершілігі мен жүктемелері арта түседі,  – дейді №30 лицей-мектептің директоры  Лилия ЛИГАЙ. – Мұғалім сабағын өткізе сала кете бермейді, бақылау жұмыстарын тексеруді ертеңге қалдыра алмайды, өйткені кешке баласының бағасын ата-ана көргісі келуі мүмкін, сондықтан оның бағасы электронды журналға қойылуы керек. Проблема жеткілікті. Айталық, барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар және заңды бағдарламалар керек. Әзірге тек Қазақстан тарихы, физика, математика  бойынша ғана бар. 

ҚАНДАЙ МЕКТЕПТЕР ТАҢДАЛДЫ?

E-learning (Electronic Learning- ағылшынның сөзінен қысқартылып алынған) – электронды оқыту жүйесі, дистанциялық оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту деген терминдердің синонимі. Оған  ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы: «e-Learning – интернет және имультимедия көмегімен оқыту».

Атырау облысында жобаны енгізумен тікелей ақпаратты технологиялар орталығы айналысуда. Оның мамандары жыл аяғына дейін мектептерде серверлік кабинеттер, жаңа компьютерлік сыныптар ашуға және бағдарламамен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға, сыныптарды қосымша жабдықтармен жарақтап, локальды желіні тартуы керек.

Орталық директоры Гүлсара ЕСҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Атырау қаласында «электронды оқыту» бағдарламасы бойынша Алтынсарин, Досымова, №13 ұлттық гимназия, Кіші өнер академиясы, №1, 2, 3, 4, 27, 28, №30 мектептер дайындалатын болады. Селолық мектептерге келетін болсақ, бірінші кезеңде аудан орталықтарындағы мектептерге басымдық берілуде. Мектептердің тізімі бірнеше рет өзгертілді, мәселен, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер алынып тасталды. Нәтижесінде Махамбеттен 3, Мақаттан 2, Жылыой ауданынан 3, Құрманғазы ауданынан 2 және Исатай ауданынан 2 мектеп таңдап алынды. Келесі жылы біздің облыста электронды оқытуға тағы да 29 мектепті қосу жоспарланып отыр.

«е-learning» барынша оңай және әдеттегі оқу жүйесінен жақсы. Жүйе оқушылар үшін де мұғалімдер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Олар электронды кітапхананы қолдана алады, басқа аймақтарда  оқу қалай жүргізіледі соны бақылай алады, интернет бойынша өз әріптестері үшін ашық сабақтар жүргізуіне болады. Одан әрі жаңашыл ұстаздардың қызықты деген сабақтарын басқа аймақтар бойынша көрсету  жоспарлануда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 тамыз 2012, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.