Атырау, 26 желтоқсан 13:49
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ана болу - әр әйелдің арманы

6 225 просмотра

Қоғамда қалыптасқан пікірге қарамастан, ВИЧ жұқтырғандар сау баланы дүниеге келтіре алады. Біздің облыста 2007 жылдан бері ВИЧ-пен ауыратын 16 әйел сәбилі болды. Әзірге балаға анасының дерті берілгендігіне қатысты бірде-бір факт тіркелмеді.

138-ДІҢ 41-І

Бүгінгі күні біздің облыста ВИЧ жұқтырған 138 жағдай тіркелген. Оның төрттен бір бөлігі шетелдіктердің басында кезігіп отыр. Бірнеше адам алыс шетелден, ал басым көпшілігі – одақтық республикадан бөлініп шыққан елдерден, бірінші орында Өзбекстан тұр. Олардың қатарында коммерциялық секспен айналысатындар да, колонияда жаза мерзімдерін өтеушілер де, рейд барысында анықталатын нашақорлар да бар.

Біздің облыста дерттің таралуы өзге аймақтарға қарағанда төмен болғанымен, өсім көрсеткіші бізде де байқалады. Өткен жылы жеті айдың ішінде 12 адамның ВИЧ жұқтырғаны белгілі болды, ал биыл 17 адам есепке алынған.

Диспансерлік есепте қазір 67 адам тұр, олардың 41-і жергілікті тұрғындар. 19 жылдың ішінде 12 ВИЧ жұқтырғандарға СПИД диагнозы қойылған. Олардың алтауы көз жұмды. 

ҚАТЕРДІ ҚАЛАЙ ТӨМЕНДЕТЕМІЗ?

ВИЧ жұқтырғандармен байланысты стереотиптер өте көп. Мәселен, жылдың басында біздің редакция облыстық СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының мамандарымен бірге орталық есебінде тұрған пациенттер арасында сауалнама жүргізді (АЖ, №10 8.03.2012, «Өксікке толы өмір»). Сауалнаманың маңызды тұсы – ұрпақ жалғастыруды жоспарлауға қатысты болатын. Науқастардың бір бөлігі олардың қашан болса да балалы боларына сенбейді, біреулер сауалға жауап беруге қиналды. Ал 65 пайызы  өзінің қорқынышы мен басын қатерге тіккеніне қарамастан (себебі, олар бала да сондай диагнозбен тууы мүмкін деп ойлайды) бала тууды жоспарлаған.  

Алайда СПИД орталығының мамандары егер болашақ ана мен баланы уақытында емдесе, қауіп-қатерден айналып өтуге болады деп отыр.

- Заң бойынша ВИЧ жұқтырғандар өз диагнозы жайлы жұбайына хабардар етуі тиіс. Және маған мұндай себеп бойынша некенің бұзылғандығы туралы жағдай беймәлім екен. Әрине, науқастардың өз күйеулеріне жұқтырғандығына қатысты мысалдар бар.  Мәселен,  бізде әуелі жұбайлардың біреуі есепте тұрады, ал  бірнеше жылдардан кейін жұбайының анализі оң нәтиже көрсетеді.  Әйелдер бұл дертті тез жұқтырады, бұл ғылыми дәлелденген факт. Алайда бірін-бірі сүйетін  адамдарды бұл тоқтатпайды. Одан бөлек, ВИЧ жұқтырғандар күнделікті өмір салтын ұстанады және сау балаларды өмірге әкеледі, – дейді облыстық ВИЧ/СПИД-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Гүлнәр ОМАРОВА.

Оның айтуынша, орталықтың жұмыс істеп келе жатқан жылдары мамандар 18 жүкті әйелдің ВИЧ жұқтырған фактісін тіркеген, олардың жетеуі қайтадан бала көтерген.

САУ БАЛАЛАР ДА ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ

ВИЧ жұқтырған әйелдердің тағы бір қалыптасқан пікірі мынадай. Олар баланы кесір тілігі арқылы босанады, әйтпесе, бала босану жолдарымен өтіп келе жатқанда міндетті түрде жұқтырады екен.

- Мүлде олай емес, ВИЧ-пен ауыратын көп  әйелдердің балалары табиғи жолмен дүниеге келген. Және олар аман-сау. Мұнда бастысы профилактикалық емді дер кезінде бастау қажет, – деп сендіреді СПИД-пен күрес және алдын алу орталығының емдеу-сауықтыру бөлімінің меңгерушісі Баян АУСТНИЯЗОВА.

Дәл сол үшін барлық жүкті әйелдерді бірінші рет есепке алу барысында, екінші рет – жүктіліктің 28-30-аптасында ВИЧ-ті тексеру үшін қан тапсыруға міндеттейді. Оң нәтиже берген анализ кезінде әйелдерге жүктіліктің 14-аптасында ағзадағы вирустық жүктеменің дәрежесін анықтауға жаңа анализ тағайындайды. Және  ағзадағы инфекцияны басу үшін антиретровирусті терапияны (АРТ) тағайындайды. Жүктіліктің 34-36-апта мерзімінде әйелдер қайтадан анализ тапсырады. 1 миллилитр қанға 1 мың көшірмеге дейінгі вирустың жүктеме көрсеткіші жүкті әйелге өзіне тууға мүмкіндік береді, - одан көп болса, кесір тілігін жасауға тура келеді.

Сәби ВИЧ-ті анасынан жүктілік кезінде, босану немесе емізу барысында жұқтыруы мүмкін. Және дәрігерлер жұқтыру жолдарын тоқтатуға тырысып, барлық кезеңдер бойынша профилактикалық емдеу жүргізеді.  Жаңа туған сәби мен оның анасы тиімді препарат алады, ал кейін болашақ ана босанғаннан кейін  бір апта, ал сәби бір жарым ай емді жалғастырады. Содан соң жылға дейін оған басқа препарат тағайындайды.

Ал бір жарым жасқа толғанда оның қанынан үш рет ВИЧ дертін тексеру жүргізіледі.

2007 жылы Атырауда ВИЧ жұқтырған аналардан 16 бала туған. Олардың бәрі де диспансерлік есепте тұрған, 8 бала есептен алынды (олардың үшеуі аналарымен бірге басқа қалаға тұрақтап қалу үшін көшіп кеткен). Қазір есепте 5 бала тұр, олар әлі бір жарым жасқа да келген жоқ.

2012 жылдың 1 тамызында Қазақстанда 19 015 ВИЧ жұқтырғандар тіркелген. Соның ішінде 13 180 ер адам, 5 835 әйел адам және  390 бала бар. Атырау облысы – елімізде сәбилердің арасында ВИЧ жұқтыру дерегі кездеспеген жалғыз аймақ.

ҮЛКЕН ОТБАСЫНЫҢ КІШКЕНТАЙ ҚҰПИЯСЫ

Бұрын Баян Аустниязова қамқорлығындағы науқастардың босану процесіне жеке қатысатын. Енді оның айтуынша, мұның қажеті шамалы. Облыстық перзентхананың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері (ВИЧ жұқтырған пациенттерді облыстың мамандандырылған мекемесі ретінде сонда орналастырады) оқудан өтіп, хаттама бойынша қалай әрекет ету керектігін біледі, және қан шығарусыз кесір тілігін жасай алады.  Алайда, орталық мамандары бәрібір де босанған ананы міндетті түрде көруге келеді, кеңес береді, ем жүргізу барысын бақылайды.

Жыл басынан бері Атырауда ВИЧ жұқтырған аналар үш сәбиге жарық дүние сыйлады. Дәрігерлер баланың жынысын, туған айын, тіпті кім болып туылғанын дәрігерлік құпия деп айтпады.

Осылайша, олар аналар мен балаларға тағайындайтын препараттарды да атамайды. Бұл үйіндегілер олардың неден емделіп жүргендерін біліп қалмас үшін жасалады. Бастысы – бала сау, жұбайлар оның қандай қиындықпен келгенін біледі, өзгелерге өз диагноздары туралы айтуға олар міндетті емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 тамыз 2012, 00:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.