Атырау, 26 желтоқсан 13:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Еттің орнына көк шәй ішіңіз

2 789 просмотра

Аңқа кептірер қатты ыссылық денсаулыққа қаншалықты қауіпті және одан қалай қорғануға болады? Осы сауалдарды біз №7 қалалық емхананың терапевтік бөлімінің меңгерушісі Венера ШАРАПИЕВАҒА қойдық:

- Қазір көп адамдар дәрігерлерге салқын тигізіп алумен, бұлшық еттің қабынуымен жолығуда. Мұның бәрі бөлмелердің ішінде сплит-системалардың жұмыс істеп тұрғандығынан болып отыр. Әсіресе, ыстықтан бірден салқындыққа түскен адамға қауіп. Температураның ауытқуы қантамырлардың тарылуына әкеліп соғуы мүмкін. Ол салқын душ немесе өзенде шомылуға да қатысты. Су процедураларын қабылдау алдында организм табиғи жолмен салқындап алуы тиіс. Мәселен, адам өзінің қан қысымы барын білмесе, күннің ыссылығынан көшеден келіп салқын душқа кірсе, қантамырлары тарылады. Ал мұның инфаркт миокардқа дейін алып келетін өте ауыр зардабы болуы мүмкін. Бойын салқын шалған көп адамдар дертіне салғырт қарайды. Сондықтан да жиі асқындырып алып жатады. Көпшілігі іріңді гайморитпен, синуситпен ауырады. Осыған жеткізбес үшін сәл салқын тисе, бірден дәрігерге қаралған жөн. 

Аптап ыстықта тердің көп бөлінуінен организм минералды заттар мен дәруминдерді жоғалтады. Сол себептен, жәй суды құрамында суы бар жеміс-жидектермен және көкөністермен алмастыру қажет: қияр, қарбыз, мүмкіндігіңізше көк шәй ішіңіз. Тоңмай, бал секілді ысытатын  тамақты қабылдамаған жөн. Түнге қарай ет тағамдарынан бас тартыңыз. Өйткені, калориялы тамақ тердің бөлінуін жиілетіп, дене температурасын физиолигиялық тұрғыда көтере түседі.

№2 қалалық емхананың кардиолог дәрігері Зәуре ӨТЕҒАЛИЕВАқатты ыстықта қан қысымы жоғары адамдар өте абай болуы керектігін есекертеді:

- Қан қысымын күніне бірнеше рет бақылау мақсатында өлшеп отыру қажет. Темекіні аз тарту керек. Себебі, никотин қантамырлардың қабырғасын бұзып, «түйіншектердің» пайда болуына алып келеді.  Ыссы күндері тұзды, қуырылған және кептірілген тағамнан бас тартқаныңыз жөн. Эмоционалдық көңіл-күйден аулақ болыңыз. Профилактикалық тексеруден өтіңіз. Кішкентай балалар бұл күндері негізінен басына күн тиюден зардап шегеді. Сондықтан да, педиатрлар баланы сағат 11.00-ден 20.00-21.00-ге дейін сыртқа шығармауға кеңес береді. Балаға жиі сұйықтық ішкізіп, қандай жағдай болмасын, оны жалғыз өзін машинада қалдырмау қажет.

СәулеТАСБОЛАТОВА

15 тамыз 2012, 23:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.