Атырау, 10 желтоқсан 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Олардың өз сыбағасы бар

1 914 просмотра

Мүмкіндіктері шектеулі балалар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту саласы бойынша өздеріне заңды түрде тиесілі жеңілдіктерін толық алып отырған жоқ. Ал, бұл облыстық прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде анықталды.

Облыста мүмкіндіктері шектеулі 6 мыңнан аса бала тіркеліп отыр. Және олардың барлығы да ерекше қамқорлыққа мұқтаж. Алайда, олар көбіне өздеріне тиесілі «сыбағаларынан» да құр қалып жатады.

- Қала емханаларында сурдолог-мамандар, тифлопедагог, невропатолог секілді мамандар жетіспейді, – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі міндетін атқарушы Шолпан ЖАНГЕРЕЕВА. - Осыған байланысты кішкентай пациенттерді қалалық балалар емханасына жібереді, ал, онда тексерілу үшін кезекте бірнеше апта, кейде тіпті, айлап тұруға болады.

Әрбір мүгедек бала үшін оңалтудың жеке бағдарламасы жасақталуы тиіс, осы жыл басталғалы мұндай бағдарламалар 146 балаға жасақталды.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық (ПМП) кеңес беру қызметінің жұмысы да ақсап жатыр. Облыс орталығында ондай екі қосын ғана бар. Бұл өте аз, оның үстіне оларда сурдолог және офтальмолог-мамандар жоқ.

- Бұдан басқа, ПМП кеңес беру қызметкерлері тексеруден өткен балалардың тізімін оларға қажетті көмектерді көрсету үшін әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарына жібермейді, – дейді Ш. Жангереева.

Атырауда 25 баланы қамтитын бір ғана логопедтік қосын бар. Ал, оған мұқтаж балалардың саны бізде 600-ге жетеді.

Мүгедек балаларға арналған интернаттардың қызметін тексеру барысы олардың барлығын да арнаулы құрал-жабдықтардың, дидактикалық ойыншықтардың және әдістемелік оқулықтардың жетіспейтіндігін көрсетті. Бұдан басқа, ғимараттар көп жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген.

Тексеру қорытындысы бойынша, облыс әкімдігіне анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым жолданды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

8 тамыз 2012, 22:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.