Атырау, 26 желтоқсан 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Көршілердің кедергісі

1 873 просмотра

Атыраудың заңды құрметтейтін азаматтары әйелдерді түзету колониясымен көршілес болғандығының «арқасында» сотталғандар секілді ұялы байланысты толыққанды пайдалану мүмкіндігінен айырылды.

Ет комбинаты ықшам ауданындағы, Шестой көшесінің (әйелдер колониясының артындағы көше) тұрғыны Шәрбану ҒҰМАРОВАНЫҢ айтуынша, оның ұялы телефонындағы байланыстың бар екендігін білдіретін жұлдызша сирек көрінеді екен.

Алмагүл ықшам ауданының тұрғындары да мұндай проблеманы бастарынан өткеріп отыр.

Біз Kcell ұялы байланыс операторына хабарластық. «GSM Қазақстан» корпоративтік байланыс жөніндегі департаменттің аға маманы Наталья ЕСЬКОВАНЫҢ айтуынша, Kcell базалық стансалары бұл ауданда штаттық режим бойынша жұмыс жасайды. Бұл орын алған жайтты анықтау мақсатында таяу күндерде тексеру ұйымдастырылмақ.

Дегенмен, жергіліктілер тексерусіз де сенімді: оның мәнісі жақында ғана әйелдер түрмесіне орнатылған «дыбыс тұншықтырғышта» екен. Өздеріңіз білесіздер, түрмеде ұялы телефонды ұстауға рұқсат етілмеген және бұл мекемелердің басшылары түрмеге қандай жолмен болсын келіп жататын телефондарды тәркілеуден шаршады. Сондықтан да бұл проблеманы батыл жолмен шешпекші болды. Облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан ЕҢСЕГЕНОВТІҢ айтуынша, қылмыстық түзету жүйесі мекемелерінде таяуда 17 «дыбыс тұншықтырғыш»: ерлер колониясында 10-ы, 3-і әйелдер және 4-і тергеу изоляторына орнатылған екен. Қоныстану-колониясында жоқ.

- Орын алған жайттың осы құралдарға байланысты екендігіне күдігім бар, – дейді облыс прокурорының көмекшісі Ләззат НҰРМАҒАМБЕТОВА. Менің білуімше, генераторлардың әрекет ету радиусы жергілікті тұрғындарға кедергі келтіретіндей қуатты емес.

Kcell компаниясының мамандары тексеру барысында Алмагүл ықшам ауданында байланысқа кедергінің бар екендігін анықтады. Оған УГ-157/11 (әйелдер колониясы) түзету мекемесіндегі ұялы байланыс дабылдарын тұншықтыратын құрал себеп болған.

Бұл мәселені шешу үшін компания жаңа базалық станса орнату жөнінде шешім қабылдауы мүмкін.

Анастасия ПАСТУХОВА

8 тамыз 2012, 22:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.