Ғалымдардың пікірінше, жаһандық жылыну салдарынан Қытайдың халық ең тығыз қоныстанған ауданында тіршілік жойылады. 21 ғасырдың соңына қарай климаттың өзгеруінен Қытайдың халық тығыз қоныстанған және ауыл шаруашылығы дамыған ауданы адам өмірі үшін Жер бетіндегі ең қауіпті орынға айналуы мүмкін. Массачусетс технология институтының ғалымдары осындай болжам жасап отыр.
PHYS.ORG интернет-порталының ақпаратынша, соңғы зерттеулер дені сау адамның 35 градус (Цельсий бойынша) пен жоғары ылғалдылық кезінде ашық аспан астында алты сағаттан кейін өлетінін көрсетті.
Ал алқаптары үнемі суарылып отыратын Солтүстік Қытай жазығында сулану процесі қатты жүреді. Мұндай ылғалдылық жоғары температурамен қосылып, өңірді фермерлер үшін өте қауіпті аймаққа айналдырмақ.
Соңғы жарты ғасырда Қытайда экстремалды ыстық толқындар әжептәуір ұлғайған. 2013 жылы аптап ыстық 50 күнге дейін сақталып, ең жоғары температура 38 градустан асқан еді (Цельсий бойынша). Сол жолы Шанхай 141 жылдық температура рекордын орнатып, ондаған адам қаза тапқан болатын.
Дереккөз: sputniknews.kz