Атырау, 27 сәуір 03:44
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оң жақ рөлді көлікті әкелуге болады

2 384 просмотра

– Ресеймен бірыңғай кедендік кеңістікте болғандықтан, Ресейден әкелінген машинаны кедендік тазартудан өткізу керек пе? Ресей мен Белоруссиядан оң жақ рөлді көліктерді әкелуге бола ма?

azh.kz сайтынан

Сұраққа «ЦТО-Ақ жайық» кедендік бекетінің бас маманы Ахмедияр ЖАЛҒАСОВ жауап береді:

– Кедендік одақ Кодексіне сәйкес, бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемесі бойынша кедендік тазартудан өткен немесе Ресейде, Белоруссияда және Қазақстанда шығарылған көліктер Кедендік одақ аумағына әкелінгенде кедендік тазартудан өтпейді. Өйткені олар Кедендік одақ тауарлары деген мәртебеге ие. Алайда мұндай көлікті жергілікті органдарға тіркеу кезінде салық төлеу керек. Мәселен, Қазақстанда ол көлік  құнының 17 пайызын құрайды (егер көлік двигателінің көлемі 3 литрден көп болса, оған акциз қосылады).

Кедендік одақтың құрылуына байланысты, Белоруссияда, Қазақстанда және Ресейде Кедендік одақ аумағына оң жақ рөлі бар көлік құралдарын әкелуге салынған шектеулер алынып тасталды. Бірақ «Автокөлік құралының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» ҚР үкіметінің қаулысында автокөлік құралдарының конструкциялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ел аумағында еркін айналысқа түсу үшін шығарылатын, сондай-ақ, алғашқы тіркеуге ұсынылатын көлік құралын басқару органының сол жақта орналасу міндеттілігіне қатысты анықталатыны қарастырылған. Осыған байланысты техрегламентке сәйкес оң жақ басқару рөлі бар автокөлікті әкелу кезінде сәйкестік сертификаты берілмейтін болады және соған орай кедендік органдарда кедендік  декларациялау және жол полициясы органдарына есепке қою  мүмкін болмайды.

28 наурыз 2012, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.