Атырау, 27 қараша 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Гурьев - Атырау

Сурет
6 219 просмотра


Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.

Миша қалаға танымал адам, ол әлеуметтік пакеті бар шетелдік фирмадағы жұмысын тастап, фотосуретке әуестігін мамандыққа айналдырған алғашқылардың бірі. Бірнеше жыл бұрын ол «АЖ» фотобайқауында екінші орын алған еді. Қазір Михаил коммерциялық фотосуретпен айналысады, бірақ бірнеше жыл бойы балалық шақтағы қаланы еске түсіру идеясы ойынан шықпайтын.

- 4 жыл бұрын интернетте «Сталинград» фотожобасына тап болдым. Онда бір кадрда соғыс кезіндегі және бейбіт уақыттағы қаланың бейнесі берілген екен. Әсер етті. Гурьевті де солай етуді ұйғардым. Ескі фотосуреттерді жинақтадым да ...тастадым. Бірақ жұмыс үстеліндегі бұл папка өзі туралы үнемі еске салып тұратын. Жақында ғана идеяны жүзеге асыра бастадым. Бірақ менің ережем – бастапқы суретті көбірек сақтау болатын. Детальдарды көбірек сақтау үшін ескі фотосуреттерді кеспей, оларды қазіргі суреттермен жымдастырамын.

- Ал мұрағаттағы суреттерді қайдан алдыңыз?

- Интернеттен, бірақ фотосуреттердің негізгі бөлігінің авторы - жерлесіміз Александр ШЕРГИЛОВ. Мен оны табуға тырыстым, оған жаздым, бірақ өкінішке орай, ол жауап бермеді.

- Мен сіздің жобаңыз үшін ескі суреттерді қарадым, бірақ көп жерлерді танымадым, есіме түсіре алмадым.

- Менің визуалды есте сақтау қабілетім жақсы. Бірақ қалай дегенмен де, ескі қала жақсы есімде қалған. Бала кезімде анаммен жаяу көп серуендедім, бұл жерлерді суреттерден бірден танимын, тіпті, өте ескілерін де. Кейбір нысандар бойынша, әдетте, Горпарк жақты анаммен кеңесемін. Ал Жилгородок, Балықшы, Ленин көшесі – қазіргі Азаттықты - өзім жақсы білемін. Бірақ кейде шынымен де суретте қаланың, көшенің немесе нысанның қандай бөлігі бейнеленгенін түсіну өте қиын, қала қатты өзгерген. Сондықтан қажетті қырынан дұрыстап түсіру мүмкін бола бермейді. Көбінесе, егер қожайындары рұқсат етсе, біреудің учаскесіне кіруге, балконнан, шатырдан түсіруге тура келеді. Жүресің, танысасың, өтінесің. Кейде қалаған кадрды қайталау мүмкін болмайды. Негізгі қиындық – ракурсын, көрінісі мен өлшемін, дәлірек айтқанда, ескі кадрдағы түсірілім қашықтығын тауып, жаңасын жасап, барынша осы параметрлерге жақындату. Содан соң бір суретке қиюластыруға тырысу керек. Ескі фотосуреттен объектив фокусының қашықтығын – долбарлап айтқанда, объективтің қанша миллиметрге қойылғаны анықталмайды. Технологиялар өзгерді, бұл да ракурсқа әсер етеді.

«Гурьев-Атырау» жобасы біраз уақыт бойына «АЖ» айдарына айналмақ: әр нөмір сайын біз бір жердегі екі фотосуретті – ескісі мен жаңасын және Михаилдың бір кадрға қиюластырған суретін жариялайтын боламыз.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Михаил ХВАН

3 шілде 2017, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.