Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВТЫҢ айтуынша, бүгінгі күні қауіпсіздіктің басты қаупі - әлеуметтік факторлар, соның ішінде жұмыссыздық пен қоғамның жікке бөлінуі.
Сондықтан шығар сөзінің көп бөлігін ол және облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ биыл сәуірде Жылыой ауданында өз жұмысын бастаған тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомоствоаралық топтың жұмысына арнады. Топ құрамына мемлекеттік, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дәрігерлер, теологтар және т.б. кірді. Олар әлеуметтік «қызу нүктелерді» анықтауға тырысты. Брифингте қанша адамның жұмысқа орналастырылғаны (344), «Бизнес Бастау» және «Бизнес Советник» бағдарламалары бойынша оқыту курстарына жіберілгені (500), медициналық көмек көрсетілгені (3300) хабарланды.
- Мәселен, осы уақыт бойына облыстың шалғай аудандарынан 1-топ мүгедектерінің жеке көмекшілерінің өз жалақыларымен 200-300 шақырымдағы облыс орталығына келуге мәжбүр екені анықталды. 19 мың теңгені алу үшін олар ай сайын Соқырлар қоғамының филиалына келеді. Енді жеке көмекшілердің жалақысы олардың жеке шоттарына аударылатын болады, - деді С.Шалабаев.
Журналистер қойған сұрақтардың бірі мынадай болды:
- Мен мұсылман ретінде мешітке барып тұрамын, имамдардың үнемі қолдары тимейтінін, мешітке келушілермен сөйлесуге мұршалары жоқ екенін байқап жүрмін. Айналғанда адамдар өз сұрақтарын дәстүрлі емес ағымның өкілдеріне қояды, олар қашан да тыңдауға, жауап беруге әзір.
- Бізде қызметкерлер жетіспейді, 21 наиб-имам, 21 муадин мен 26 ұстаз бар. Қазір бірнеше студентіміз Түркияда, сондай-ақ, «Нұр Мүбәрак» университетінде оқиды. Оқу аяқталғаннан кейін олар бізге жұмысқа оралады. Міне, осылай – жастарды оқуға жіберіп, біртіндеп кадрлардың тапшылығы проблемасын шешетін боламыз, - деп жауап берді облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла КӨШҚАЛИЕВ.
Ол сондай-ақ, Аққыстауда мешітке келушілердің көз алдында төбелескен екі дін қызметкеріне қатысты жақында орын алған оқиғаға комментарий берді. Бірін Махамбетке лауазымын төмендетіп, екіншісін өзінің келген жері - Алматы облысына жіберді. Ал Исатай ауданына жаңа бас имам тағайындалды.
Қ.Көшқалиевтың пікірінше, жастардың радикалдануына ғаламтордың ықпалы көп екен:
- Біз мониторинг жүргіздік – жастардың шамамен 60 пайызы экстремистік сайттар арқылы зиянды ықпалға түседі. Егер өткен жылы осындай 11 сайттар мен аккаунттар анықталса, жыл басынан бері 100 болды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор