Атырау, 25 желтоқсан 01:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Каникул - жоспар бойынша

3 549 рет қаралды

Күшті аяздың салдарынан төменгі сынып оқушыларына сабақ болмай қалған ақпан айындағы жоспардан тыс демалыстың алдағы көктемгі каникул күндеріне еш әсері болмайды, - деп хабарлады «АЖ»-ға қалалық білім беру бөліміндегілер.

Сабақтардағы бір апталық үзіліс ақпан айында тек төменгі сыныптар үшін ғана берілді. Орта және жоғарғы сынып оқушылары, кейбір мектептердегі сабақтардың 30-35 минутқа дейін қысқартылғанын есептемесек, әдеттегі режимде оқыды.

Сабақтар болмай қалған сыныптар үшін кейін қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сөйтіп олар қалып қойған бағдарламаны игеріп үлгерді, - деп түсіндірді қалалық білім беру бөліміндегілер. – Көктемгі каникулдар барлық атыраулық оқушылар үшін әдеттегідей 21 наурызда басталып, 1 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасатын болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 наурыз 2012, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.