Атырау, 27 қараша 12:50
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ерлер саулығы – қоғам саулығы

3 298 просмотра

«Ерлер саулығы» бағдарламасының аясында скринингтен өткен Атыраудағы 150 тұрғынның үшеуін дәрігерлер простата қатерлі ісігіне күдіктелуіне байланысты қосымша тексеруге жіберді.

Бұл туралы урологиялық сырқаттарды емдеу жөніндегі өзекті мәселелерге арналған семинар кезінде айтылды. Семинар облыстық ауруханада өтті, оны республикалық орталықтардың – «Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы», «Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты», Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мамандары жүргізді. «Ерлер саулығы» бағдарламасының аясында олар 2012 жылдан бері Атырауға келіп жүр.

Дәрігер-уролог Елена БЕТЧИНА Қазақстаннан бөлек Украина мен Эстонияда скриниг өткізген, сондықтан салыстыру мүмкіндігі бар:

- Ерекшелік бар, ол менталитетке байланысты. Қазақстанда жыныстық тәрбие сапасы төмен. Ер адамдар өз физиологиясын, ықтимал патологияны білмейді. Олар кейде өздерінен не туралы сұрап тұрғанымды түсінбейді де. Ал ер адамның денсаулығы барлық жерде бірдей, үш елдегі простатаның сырқаттану пайызы шамамен ұқсас. Ал қуықалды безінің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша, әрине, Украина мен Қазақстанға қарағанда Эстонияда анағұрлым жоғары. Бұл жерде тағы да менталитеттің әсері бар. Эстондық ер адамдар бұған анағұрлым жауаптылықпен қарайды, дәрігерге жиі барады. Атырауда қабылдауға келген 150 еркектің үшеуіне қуықалды безіне биопсия жасатуды ұсындық. Оларда онкологиялық күдік бар.

Уролог Медеуқайыр ШАЙХИМОВ әріптесінің барлық ойымен бірдей келіспейді:

- Осы бағдарлама аясында мен екінші рет зерттеу жүргізіп отырмын. Соңғы бес жылда менталитеттің өзгеріп жатқанын байқаймын. Әсіресе, эректильді әрекетсіздікке қатысты жүгінушілер саны едәуір өскен. Бізге бұл тұрғыда жастар жиі келеді. Олар анағұрлым хабардар – бұл мәселеде БАҚ пен интернет жақсы жұмыс жасайды. Дәрігерге мазасы болмағандықтан емес, сәби сүюді жоспарлау үшін келетін жас жұптар да көбейіп отыр. Әріптесім айтып өткен екінші мәселе, бұл тестостерон деңгейі мен басқа нәрселерді білмеу. Бұрыннан біздің қазақ аталарымыз отбасын жоспарлау кезінде, соның ішінде, екінші, үшінші әйел алған кезде, тестостерон деңгейіне назар аударған. Бұл оңай анықталатын – егер несеп көпірсе, демек, еркектің жыныстық гормонының деңгейі жоғары деген сөз. Заманауи дәрігерлер осы диагностика әдісімен келіседі.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директорының орынбасары Гүлнар ЖҮНІСБЕКОВАНЫҢ айтуынша, кардиология тұрғысында еркектердің өздері тәуекел факторы болып табылады. Ер адамдарда жүрек-қан тамырлары сырқаттары әйелдерге қарағанда анағұрлым жиі кездеседі, дүние жүзіндегі ахуал осындай. Кеңестік дәуірден кейінгі елдерде ерлер әйелдерге қарағанда 8-10 жылға ерте көз жұмады. Бұл темекі мен алкогольді пайдалануға, дене белсенділігінің төменгі деңгейіне және күйзелістің көптігіне байланысты.

- Ерлер проблемасына жан-жақты тәсіл қажет, өйткені бүкіл аурулар бір-бірімен байланысты. Сексуалдық денсаулық проблемасы клиникалық байқалған жүрек-қан тамырлары сырқаттарынан 3-5 жыл бұрын жүреді. Қарапайым тілмен айтқанда, сексуалдық денсаулыққа қатысты проблема 5 жылдан кейін ерлердің жүректері ауыра бастайтындығының белгісі болып табылады. Керісінше, пациент гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен ауырған кезде, 90%-ында эректильді әрекетсіздік болады. Сондықтан емдеу кезінде басқа ағзалардың қызметіне әсер етпес үшін препараттарды мұқият таңдау керек. Біз осындай пациенттерді қалай емдеу керектігі туралы дәрігерлерді оқытамыз, - деп атап өтті Г.Жанұзақова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

20 маусым 2017, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.