Атырау, 10 желтоқсан 22:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Байлар да жылайды

2 506 просмотра

Қалалық әкімдікте салық салынатын базаларды кеңейту жөніндегі мәжіліс болып өтті.

Мәжіліске қалалық ПИК төрағалары шақырылды. Олардың бірі таяу арада қалалық әкімдік ПИК-не жалға берілетін пәтерлер туралы ақпараттарды жинауға тапсырма бергендігін айтты. Менің әңгімелесушім тұратын үй қаланың орталығында орналасқан. Мен оларда жалға берілетін пәтерлердің қаншалықты көп екендігін сұрап көрдім. Сөйтсем, ескі үйлерден 30 пайыз және жаңа үйлердің 60 пайызы жалға беріледі екен. Ал, ПИК қызметі үшін жалға алушылардың бәрі бірдей төлей бермейді.

Атырау қаласы бойынша салық инспекциясының бастығы Нұржан БАЙҒАЗИЕВТІҢ қымбат коттедждерді бағалау құнының төмендетілген фактілері  жөнінде жарияланған мәліметтері залдағы тыныштықты бұзды. Айталық, Верхняя Садовая көшесіндегі екі қабатты  жекежай жер учаскесімен қоса бар-жоғы 172 095 теңгеге  (!) бағаланған. Соның нәтижесінде оның қожайыны бар болғаны 86 теңге көлемінде ғана салық төлеген. Келесі бір жекежай 275 981 теңгеге бағаланды. Соған сәйкес оның салығы 138 теңгені құрады. Ал, енді қала маңындағы Геолог  поселкесіндегі «Мұнайшы» бағбандық қоғамының аумағындағы бір коттедж, тіптен... жоқ, яғни, шын мәнінде бар болғанымен, «Атырау қаласы жылжымайтын мүліктер орталығы» РМҚК дерекқорында тіркелмеген, соған сәйкес оған салық та салынбаған.

Жағдайды талқылау барысында ондай шатақты мәселелер, әсіресе, қала маңындағы ауылдарда орын алып отырғандығы анықталды. Өйткені, жер учаскелеріне тек саяжайлық үйлер ғана тіркелген, қожайындары болса оның жанында салынған коттедж үйлерде тұрады. Ал, салықты саяжай үйі үшін ғана төлейді.

Қала әкімі Асқар КЕРІМОВ ашуланып:

– Ал, кейін сол адамдар қалалық биліктен өз көшелерін жарықтандыруды, асфальттауды, қоқыс шығаруды талап етеді! Нұржан Байғазиевтің айтуынша, 2011 жылы қала салықшылары 232,9 млрд теңге жинаған (жоспардың 96%). Республикалық бюджетке 141 млрд теңге (103%) түсті. Қалалық бюджетке  46,8 млрд теңге болжамы барысында  40,8 млрд теңге (87%) түсті.

Н. Байғазиев сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 3-4 наурызында қаланың 9 базарында жүргізілген тексерулердің қорытындысын хабарлады. Салықшылар сатушыларға бір реттік талонның қалай берілетіндігін тексерді. Барлық сатушыларға бірдей берілмейтіндігі, біреулерге жеңілдіктердің жасалатындығы анықталды.

–Тексерудің екі күні ішінде түсімдер  300 000 теңгеге артты, –дейдісалықшы. Бұдан шығатын қорытынды:  базар қожайындары өз пайдаларын төмендетіп көрсетіп отыр. Бұдан басқа, Байғазиев 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір реттік талонды қолдану мерзімінің аяқталатындығын және барлық қала базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар салық органдарына жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелуі тиісті екендіктерін еске сала кетті. Салықшылар тексеру барысында ешқандай рұқсат беретін құжаттарсыз сауда жасап тұрған 912-дей басқа мемлекеттен келген  кәсіпкерлерді анықтады. Олар бәрінен бұрын «Дина» базарында көп – 804.

Қаланың бас салықшысы қоғамдық көлікте әлі күнге дейін қалалық биліктің тасымалдаушылардан баяғыдан-ақ талап етіп келе жатқандығына қарамастан, билеттер берудің енгізілмегендігін атап өтті. Оларға тіпті, соңғы мерзімді де атады: бастапқыда 2011 жылдың 1 маусымы, кейін 1 тамыз деп белгіленді. Бірақ, мәселе шешімін тапқан жоқ. 

Н. Байғазиевтің Қазақстанда алғаш рет газ-химия кешенін салған құрылысшыларға наразылығы бар:

Мәселен, «Казкан» ЖШС кірме автокөлік жолдарының  құрылысы үшін жұмысқа 150-ден астам адамды тартса, «ЖелДорСервис» ЖШС кірме темір жолдар құрылысы үшін  – 200-ден аса адамды,«ЮмонСнабСтрой» электр таратқыш желілерінің жұмысы үшін– 185 адамды тартып отыр. Алайда, бұл ЖШС-тердің бірде-біреуі жергілікті бюджетке ештеңе төлеп отырған жоқ. Атырау қаласының бюджетін болжау барысында бұл жобаның қатысушыларынан жергілікті салықтар (табыс салығы және әлеуметтік салық) түрінде бюджетке қосымша түсімдер түседі деп   ескерілген еді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 наурыз 2012, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.